Жауынгерлер ұрланған Айзаданы қалай тауып алғандарын айтып берді
2015 ж. 12 желтоқсан
3061
1
Қазақстанның Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5571 әскери бөлімінің сарбаздары жоғалып кеткен 20 жастағы Айзада Авлатарованы қалай тапқандарын айтып берді.
Лейтенант Рустам Сердалиновтың жетекшілігімен кинолог, кіші сержант Арман Әлімбетов, қатардағы жауынгерлер Тілеухан Нұрхан мен Бибол Бинұр қызмет ететін жедел мақсаттағы ротаның әскери жасағы Алматы облысы Қапшағай қаласының маңындағы «Заря Капшагая» саяжай кооперативінде жедел-іздестіру іс-шараларын атқарып жатқан. «Цветочная көшесінің темір жол бойында келе жатқан екі адам назарымызды аударды. Олардың бірі еуропалық ер адам қыз баланы қолынан жетектеп келе жатты. Екеуі бізді көре сала бұрылып қашты. Сол кезде Зерон деген итке әмір бердік. Иттің даусынан қорыққан ер адам тоқтай қалды. Құжатын сұрағанда ер адам ештеңе көрсетпеді. Қыз бірден құжатын көрсетті. Сол кезде қылмыскердің қолын артқа қайырып, полиция шақырдық. Сол мезетте әбден қорыққан қыз жылап жіберді», – деді Рустам Сердалинов. Полиция қызметкерлері Токарев Игорь Анатольевич пен оның тұтқынында болған Авлатарова Айзада Әлімжанқызын аудандық ІІБ-ге жеткізді. Олардың айтуынша, Айзаданың өмірі мен қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіп жоқ. «Қазақстанның Ұлттық ұланының әскери қызметшілері өздерінің әскери міндетін адал атқару арқылы құқықтық тәртіптілікті нығайту жолында үлкен үлес қосып келеді және тәуліктің кез-келген уақытында еліміздің тұрғындарына көмекке келуге әзір» – деді Сердалинов.Дереккөз: ИА "Казинформ"