Жайық өзенін құтқару қорын құру бастамасын Ресей тарапы қолдамады
2015 ж. 08 желтоқсан
2747
1
“Өзен таязданып бара жатқанымен келісем, асырып айтпақ-ақ қояйын, әзірге батпаққа айнала бастаған жоқ. Бірақ бірнеше жыл болды, мұнда белгілі бір проблемалар бар. Өңіраралық форумда Жайықты құтқару қорын құру туралы ұсыныс жасалды. Қазақстан үкіметі мұны толық қолдады. Бірақ Ресей жағынан осы күнге дейін қолдау естімедік” , – дейді Ізмұхамбетов.
Әкімнің сөзінше Жайық өзені суы деңгейінің төмендеуіне түсетін қар көлемінің азаюы, Орынбордағы су қоймасы әсер етеді.