Ресейдің атақты адвокаты өлі күйінде табылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мәскеулік белгілі бизнесменнің бірі Дмитрий Шумаковтың өліміне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күзет оның мүрдесін Мәскеу-Ситидегі жұмыс орнынан тапқан деп хабарлады ресейлік БАҚ.
Шумаковтың мүрдесі іскерлік кешен мұнарасындағы оның жұмыс бөлмесінің біріндегі үлкен шкаф ішінде асылып тұрған. Жүргізілген шаралар барысында тергеу қызметкерлері Шумаков ғимаратқа оқиғаға дейін бірнеше уақыт бұрын келгенін анықтады. Бұл ретте ер адам өзін сабырлы, қалыпты ұстаған.
Дмитрий Шумаков 1972 жылы Сарапулде туған. Ол Ресейдің «Жыл заңгері» жоғары сыйлығының иегері. Ресей заңгерлернің ТОП-10-дығына кіреді.