Режеп Тайып Ердоған: Түркияның өз шекарасын қорғауына деген құқығын барлығы құрметтеуі керек
2015 ж. 25 қараша
4948
6
Түркия президенті Тайып Ердоған түрік әскерилерінің ресейлік Су-24 ұшағын неліктен атып түсіргенін түсіндірді. Ердоғанның айтуынша, Түркияның әскери әуе күштері қатерге байланысты шаралар ережесінің аясында әрекет еткен. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Біз бұл жағдайды қаламадық, бірақ Түркияның өз шекарасын қорғауына деген құқығын барлығы құрметтеуі керек. Белгісіз әскери нысан біздің әуе кеңістігімізге кіріп кетті, бес минуттың ішінде оған он ескерту жасалды, бірақ олар тыңдамады. Біз қатерлерге қатысты әрекет етудің ертеде жария етіп, қабылдаған ереже бойынша қатаң түрде әрекет етуге шешім қабылдадық", - деп мәлімдеді Ердоған Түркияда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Түрік президенті өз елінің авиация шабуылынан бейбіт тұрғындары Түркиямен шекараға қарай ығысуға мәжбүр болған сириялық түркмендерге жасалған шабуылды айыптайтынын айтты. Ердоғанның айтуынша, Түркияның қайсыбір елге қатысты қандай да бір жаугершілік ниетте емес екендігін қосты.
Түркияның сөзін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг те қолдап отыр. НАТО Кеңесінің шұғыл отырысынан кейін сейсенбі күні кеште Столтенберг ресейлік ұшаққа қатысты оқиғада НАТО-ның басқа да одақтастарының мәліметінің Түркияның мәліметтерімен сәйкес келетінін мәлімдеді.
"Мен мәселенің мән-жайына бармаймын. Бірақ мен одақтас елдерден алған бағалаудың бұған дейін Түркияның келтірген мәліметімен сәйкес келетінін мәлімдей аламын", - дед бас хатшы. Алайда Столтенберг альянстың Су-24 ұшағының қалай құлатылғаны жайлы мәліметін ашып айтпады.
Айта кетейік, Түркия СІМ осы оқиғадан бірнеше күш бұрын Мәскеуді Сирия-Түркия шекарасында әскери операцияларды доғаруын сұраған болатын. Ведомство Ресейдің Анкарадағы елшісін шақырып, жиі жасалатын әуе соққыларына қатысты наразылық танытқан еді.
Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік Су-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды, алайда кейін БАҚ-тар екінші ұшқыштың да қаза болғанын хабарлады.
Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады. "Ресейлік ұшақпен болған қайғылы оқиғаның салдары Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасына айтарлықтай сызат түсіреді", - деп мәлімдеді Путин.