"Тәуелсіздік таңы" ескерткіші зират па қоршалатындай ?!.

Алматы әкімдігі Республика алаңындағы "Тәуелсіздік таңы" ескерткішінің неге қоршауға алынғанын түсіндірді. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық Мәдениет басқармасының басшысының міндетін орындаушы Ерболат Әуезов ҚазАқпарат агенттігінің арнайы сауалына жауап беріпті.

«Ескерткіш орнатылғалы бері мәдени нысанға арнайы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Салдарынан постаменттің гранит тақтайшалары сынып, бір-бірінен ажырағандықтан, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс 25 қарашада аяқталады», - деді Ерболат Әуезов. Айта кету керек, Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші 2006 жылы орнатылды. Жұмыстың авторы - Қазақстан дизайнерлер одағының төрағасы Тимур Сүлейменов. Аталған ескерткіш қазанның айының соңында қоршауға алынған болатын. Қоршау ішінде екі аптадай жұмыс жүргізілген жоқ. Қазір ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқадағы тақырыбы: "АЛМАТЫДАҒЫ "ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ" ЕСКЕРТКІШІ НЕГЕ ҚОРШАЛДЫ?".