ҚР Президенті Н.Назарбаевқа ҮНДЕУ
Біз Ақтөбе облысының ұлтжанды азаматтары М.Шаханов пен оның жақтастарының талаптарын толық қолдай отырып Билікке төмендегіні мәлімдейміз;
1. Билік қазақ тілінің статусын мойындамайды, жоғары лауазымды шенеуніктер мемлекеттік тілді сыйламайды;
- мемлекеттік кадр саясаты мемлекеттік тілді білмейтін қазақтарды жоғары билікке шығаруға мүмкіндік беретіндігі мемлекеттік тілдің статусын аяқасты етуде;
- мемлекеттік білім беру жүйесі елде үш (үштұғырлы ) тілді қоғам қалыптастырып, мемлекеттік қызметке аларда мемлекеттік тілді білу қажет еместігі қалыптасқан.
2. Жерге халықтың және келер ұрпақтың иелігі болуына байланысты оны басқа мемлекеттерге жалға беру немесе сату халықтың заңды шешімінсіз, билікте уақытша отырған шенеуніктердің ұйғарымымен іске асыруына мүмкіндік берілмеуі керек.
3. Қазақстан, АҚШ сияқты келімсіктер елі емес, оның иесі қазақ ұлты. Доктринадағы Америкалық ұлтты мысалға алу қазақ ұлтын осы елдің иесі ретінде ар ожданын қорлау болғандықтан оны қоғамда талқылау тоқтатылсын, осы доктринаға мұ¬рындық болған Ассамблея таратылсын, оған мемлекеттен бөлінген қаражатты мемлекеттік тіл мен ауылды дамытуға жұмсайық.
4. Қазақстан Республикасының экономикалық тәуелсіздігін шектейтін Одақ (Кедендік одақ) келісімдерін тоқтатып қайта қарау керек.
Егер билік біздің талаптарымызды ескерусіз қалдырса біздің талаптармызды қолдайтын азаматтырдың басын біріктіріп ҰЛТТЫҚ МАЙДАН құратынымызды білдіреміз. Ақтөбеде М. Шахановты қолдау үшін қол жинау жалғасуда.
Ғазиз ТӨРТБАЕВ,
«Намыс» пікір-сайыс
клубының жетекшісі