Нан бағасы да еркін айналымға жіберіледі!..
2015 ж. 05 қараша
4390
6
Жаңа жылдан кейін еліміздегі нан бағасы еркін айналымға жіберіледі
5 қараша
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев қазақстандық журналистермен бейресми кездесу өткізді. Кездесу барысында әлеуметтік нан бағасы да сөз болды.
Министрліктің жауапты хатшысының айтуынша, жаңа жылдан кейін әлеуметтік нан бағасы еркін айналымға жіберіледі, деп хабарлайды Bnews.kz. “Біз кәсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Мысалы Еуропаны алып қарайық. Олар нанның түр-түрін өндіреді. Ал біз бидай өндіру бойынша әлемде жетінші орындамыз. Соған қарамастан кәрі құрлықтағыдай ондай түр-түрін өндіріп жатқанымыз шамалы”, – дейді Арман Евниев. Оның айтуынша, 2016 жылдан бастап ас атасын нарық өзі реттейді. Сондықтан еркін айналымға жіберіледі екен. «Нанның құрамындағы бидайдың өзіндік құны 30 пайыздан көп емес. Қалғаны ГСМ, электр энергиясы, транспорттық шығындар, т.б. Біз бұл мәселені үнемі шаруалардың есебінен немесе бюджеттік субсидия арқылы шешіп отырдық. Енді алдағы жылдан бастап нанның бағасын нарық өзі реттейді. Әрине, әр қалдағы баға әртүрлі. Меніңше, бәсекелестік көп болса, тіпті баға төмендеуі де мүмкін. Егер кәсіпкерлерге кедергі келтірмесек, нарықта кім ұтады? Ол кезде кімдікі сапалы әрі арзан сол ұтады. Сондықтан бұл салада бізді құтқаратын бәсекелестік болмақ», – дейді министрлік өкілі.Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас