Доллар құны 300 теңгеден асып кетті
2015 ж. 05 қараша
2401
0
Америкалық валютаның бағамы жаңа рекордтар көрсетті. Елімізде доллар құны 300 теңгеден асып кетті деп хабарлайды Nur.kz.
Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік сауда қорытындысына сәйкес, орташа сараланған бағам долларына 298,92 теңгеге жеткен. Осылайша кешкілік саудамен салыстырғанда сәрсенбіде доллар бірден 11 теңгеге қымбаттады. Еске салсақ, кеше кешкісін бағам 287,92 теңгені құраған. Kurs.kz сайтына өз бағамдарын жария еткен жеке айырбас нүктелері келушілер легінің тым көп болуынан істен шығып қалған сыңайлы.Дереккөз: NUR.KZ