Т. Мұсабаев: Ресей “Байқоңырдан” кетпейді
2015 ж. 29 қазан
1888
1
Оның xабарлағанындай, Ресей жерінде жаңа ғарыш айлағының құрылысы 2007 жылдың 7 қарашасында басталған.
“Бұл егемен елдің өз еркі. Біз олардың ішкі мәселесіне араласпаймыз. Әрине, бұл “Байқоңырға” өз әсерін береді. Ресей федералды бағдарламаларының басым бөлігі “Восточныйға” кетіп қалады. Солай жоспарланған болатын. Бірақ ол іс соншалықты жақын арада жасалмайды. Ресей “Байқоңырдан” кетпейді. Біздің қолымызда Ресей жоғары басшыларының, Роскосмос пен Ресей үкіметінің мәлімдемелері бар. Олар онда “Байқоңырды” болашақта да Ресей мен Қазақстан бірлесіп пайдаланатындары жөнінде нақты айтылған”, – деді ол.
“Қазғарыш” басшысы “Бәйтерек” зымыран кешеніне де тоқталды.
“Гептилсіз ұшатын Ангара зымыраны негізінде құрылатын “Бәйтерек” кешенін құру бойынша жұмыстар белсенді жасалуда. “Байқоңырда” жаңа кешендерді салу жөнінде де мәселелер қаралуда”, – деп түйді сөзін Мұсабаев.