Аслан Сәрінжіпов жалақысының өте төмендігіне өкінеді
2015 ж. 27 қазан
4977
4
Мұғалімдердің, министрлік қызметкерлерінің жалақысы, білім саласындағы жемқорлық және өзге де мәселелерге қатысты БҒМ басшысы сұхбат берді.
Бұл туралы “Времяға” сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
– Қазір мұғалімдер орташа есеппен қандай жалақы алатынын білесіз бе? Ондай жалақы лайықты тіршілік етуге жеткілікті деп санайсыз ба?
– Әрине білемін: деңгейіне қарай орта есеппен 80-100 мың теңге алады. Бұл ел бойынша 25-30 пайызға кем. Бұл жақсы емес. Біз мұғалімнің жалақысын орташа республикалық деңгейге жеткізу мақсатын қойдық. Келесі жылдан бастап, жаңа еңбек ақысын төлеу жүйесі енетін болады. Ол үшін республикалық бюджеттен 200 миллиард теңге бөлінді. Білім беру жүйесінде жалақы 27 пайызға өседі. Жоғарғы категорияның мұғалімдері шамамен 60 пайызға жоғары жалақы алады. Бірінші категориядағылар – 55 пайызға, екіншілер – 50 пайызға, солай кете береді. Қайта есептеу 1 қаңтардан басталып, ақпанда мұғалімдер әлдеқайда жоғары жалақы алатын болады.
– Министрлік қызметкері орта есеппен қанша алады? 80 мың теңгеден жоғары болар?
– Таң қалатын шығарсыз. Бірақ министрліктегілердің жалақысы мұғалімдердікінен айтарлықтай көп емес – 80-100 мың теңге. Тіпті департамент директорының өзі 150-170 мың теңге ғана алады. Өкінішке қарай, жалақылар өте төмен.
– Депутаттар жарты миллион теңгеден алады, ал министрлердің жалақысы қандай, айтасыз ба?
– Айтпаймын, бірақ депутаттардыкіне жақын. Одан артық емес. Дүниежүзілік банктен алған жалақымнан әлдеқайда төмен аламын.
– Қалай демаласыз?
– Мүлдем демалмаймын.
– Мүлдем? Үздіксіз жұмыс істей беру мүмкін емес қой?
– Демалысқа уақыт тым аз. Аптасына бірнеше рет қана спортзалға барып үлгеремін. Біз футзал бойынша студенттік лиганы іске қостық. Сенбіде қол босап жатса, қатысушыларды ынталандыру үшін ойынға баруға тырысамын. Жай жанкүйер болып отырамын, алаңға шығып ойнамасам да бұл маңызды. Тамызда студенттік құраманы Бразилиядағы әлем чемпионатына алып барамыз.
– Осы жылда демалысқа шықтыңыз ба?
– Ресми түрде шыққан емеспін. Демалыс күндері отбасыммен бірге болуға тырысамын. Алматыға ата-аналарыма барып тұрамын. Бұрын тауға шығатынмын, қазір ондай мүмкіншілік жоқ.
Сіздің есіміңіз БАҚ-та жиі аталып жүр. Тым көп БАҚ-тың талқылауына ұшыраса, министрлік тақтан айырылып қалу да ғажап емес дейтіндер бар. Одан қорықпайсыз ба?
– Жоқ, қорықпаймын. Бұл мемлекет басшысының шешімі. Қалай айтса, солай болады. Барлық мәселелерге қарамастан, білім беру жүйесі дамып келеді. Ел көрсеткіштері де жақсаруда. Бірақ басылымдар бұл туралы азырақ жазады. Себебі жақсы жаңалық – жаңалық емес. Мектептер, мұғалімдер ештеңеге қарамастан, білім беріп, жұмыстарын жалғастыруда.
Саясат – бұл шайқасқа толы өзіндік ринг. Сізге де солай ма?
– Мен саясаткер емеспін, менеджермін. Біз уақытты шайқасқа емес, мәселені шешуге жұмсауымыз қажет деп санаймын.
Сізге пара бергісі келгендер болды ма?
– Бәрі де бұдан түк шықпайтынын түсінеді, сол себепті тырысқан де емес. Өзім ешкімге пара берген емеспін, бұл біртүрлі көрінетін еді.