Анкарадағы теракті салдарынан құрбан болғандар арасында қазақстандықтар жоқ
2015 ж. 12 қазан
1938
0
«Түркияның сыртқы істер министрлігінің ең соңғы мәліметтеріне сәйкес Анкарадағы қайғылы оқиға салдарынан зардап шеккендер мен ажал құшқандар арасында біздің мемлекетіміздің азаматтары жоқ», – деп хабарлады Абибуллаев.
Еске салайық, Қазақстан gрезиденті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бүгін Анкарада «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі кезінде 2 жарылыс орын алған болатын. Шеруге қатысушылар түрік билігі мен күрдтер арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуды сұраған еді. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша лаңкестіктен 95 адам қаза тапқан, 200-ден астам адам жараланған.
Қайғылы оқиғаға байланысты елде үш күндік қаралы күн жарияланды.
Ғаламторда жарылыстың орын алуына қатысты бейне және фотоматериалдар тарады.