Ыдырысов: Біздің жүйеміз патшалық билікке ұқсауы мүмкін, бірақ біз – бақыттымыз
2015 ж. 29 қыркүйек
2087
4
Нью-Йорк – ислам мемлекеттері арасындағы саяси келеңсіздіктерді жоюшы жаһандық қоғам болуға тиісті. «The Associated Press»-ке сұхбат берген Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осылай деді.
Бұл туралы «Қамшы» порталы «The Washington post» басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қазақстанның бас дипломаты осылайша әлемдік көшбасшыларды терроризмге қарсы тұруда күш біріктіруге шақырды.
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сенбі күні кешке «The Associated Press»-ке берген сұхбатында өз елінің осыдан аз ғана уақыт бұрын фундаментализм мен экстремизмнен 100 пайызға сақтандырулы екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл «мәдени шок» болды, себебі статистикалық мәліметтер бойынша, 200 қазақ азаматы бүгінде Сириядағы соғысқа аттанған.
Исламдық мемлекеттерде туындайтын басты бөгет ретінде саяси келеңсіздіктерді сипаттай отырып, Сирия мен Ирактың үштен бір бөлігін басқарып, бүгінде Солтүстік Африка, Синай, Ауғанстанда қанат жайған ұйымдармен күресу мақсатында, Ыдырысов ірі халықаралық өкілдерді бірігуге шақырды.
Бұл елдердің потенциалының біздің елден әлдеқайда жоғары екенін білеміз. Сондықтан, логикалық тұрғыдан, күш біріктіріп, өз дамуымызға үлес қосқанымыз дұрыс.Оның айтуынша, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Ресей және Еуропаның аталмыш топты (ұйымды) еңсере алмауы мүмкін емес. Ыдырысов АҚШ президенті Барак Обама мен орыс көшбасшысы Владимир Путинге өзгерістерді енгізу үшін БҰҰ-ның жиналысын дүйсенбі күні өткізуді ұсынған болатын.
Ресей мен Украина арасындағы соғыста Қазақстанның позициясы жөніндегі сұраққа Ерлан Ыдырысов өз елінің Украинаның аймақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтындығын тағы да атап өтті.
Сонымен бірге, Сыртқы істер министрі Ресей мен Қытайды қауіп ретінде көрмейтінін айтты.
«Бұл елдердің потенциалының біздің елден әлдеқайда жоғары екенін білеміз. Сондықтан, логикалық тұрғыдан, күш біріктіріп, өз дамуымызға үлес қосқанымыз дұрыс», – дейді Ыдырысов.
Мемлекетінің БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі болуға ұсыныс жасап қойғанымен, Ыдырысов мырза Қазақстанның мұнай мен газға бай болуы бүкіл әлемдік талқыға түсетініне сенбейтінін айтты.
Ол – жақсы басшы. Біздің жүйеміз патшалық билікке ұқсауы мүмкін, бірақ біз – бақыттымыз.“Біз әлемдік ірі держава болуға амбициялы емеспіз. Қазақстан «аймақтық билік, аймақтық қозғалтқыш, сонымен қатар, саяси әрі экономикалық» рөлдерге ие контент”, – деді Сыртқы істер министрі.
Ыдырысов Нұрсұлтан Назарбаевтың ширек ғасырлық басшылық қызметіне қарамастан, биылғы сайлануын қолдайтынын айтты. Себебі, көшбасшы Орталық Азияда өте әйгілі тұлға.
Ыдырысов Қазақстандағы ірі демократиялық ұстанымдарды қолдануын атай отырып, батыс елдерінің дамушы қоғамдарда демократия орнатуы көбінде зорлық-зомбылық пен тәртіпсіздікпен аяқталатынын ескертті.
“Мен сіздерге Украина, Қырғызстан және қиыр Шығыстағы мысалдарды келтіре аламын. Демократиялық Ирак қайда? Сондықтан да біз мұндай нәтижені қаламаймыз. Назарбаев – осы іспетті сценарийлерді болдырмаудың берік гаранты. Ол – жақсы басшы. Біздің жүйеміз патшалық билікке ұқсауы мүмкін, бірақ біз – бақыттымыз. Біз украиндықтар мен сириялықтардан әлдеқайда бақыттымыз!”, – деді Ыдырысов өз сұхбатында.
Дереккөз: NUR.KZ