Дариға Назарбаева: Менің шешімімді премьер Қажыгелдин құптап, әкем қарсы шықты...
2015 ж. 12 қыркүйек
8775
3
Кеше Қазақстанның вице-премьері болып тағайындалған Дариға Назарбаеваның әртүрлі сұхбаттарында айтқан қызықты цитаталары қандай?
Esquire.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ Дариға Назарбаеваның қызықты пікірдерін назарларыңызға ұсынады. ...Мен күнделік жүргізбейтінім үшін өкінемін. Күйеуге шыққаннан соң, алғашқы он жыл ішінде біз не саяжайға көшіп, не болмаса біреулердің үйінде тұрып жүрдік. Ғылым докторы ретінде Бен Ладеннің тарихи тұлға екенін айта аламын. Мен ата-анам мен сіңлілерімнің және құрбыларымның алдында сахнадағыдай шын ашыла алмаймын. Мен әлі бай болмаған кезімде, байлық туралы армандап, байлықтың бақыт әкелетініне, барлық мәселелерді шешетініне сендім. Қазір мен мұның бәрі расында олай емес екендігін түсіндім. Мен сіздерге осыны бастан өткізуді тілеймін. Сіз газетте жазылғандардың барлығы шындық деп ойлайсыз ба? Аңғалсыз.. Менің жасөспірім кезімде-ақ анам Порфирий Ивановтың «Деткасын» зерттей бастады. Әрбір әкім қызметінен кеткен соң, олардың туыстарына берген үлкен көлемдегі жері қалады. Мен жаңалықтарда жұмыс істейтін қызметкерлерді алып, сол базадан жаңа арна ашу туралы шешім қабылдадым. Мені сол кезде премьер Қажыгелдин құптап, әкем қарсы шықты. Бұл күндері бұрын компьютерсіз қалай өмір сүргенімді елестете алмаймын. Кейде маған аты-жөнімді қолмен жазудың өзі қиын. Қисық-қисық болып шығады. Монсерт Кабалье – менің кумирім. Кумирлермен бірге ән айтпайды, оны құрметтеп өтеді. Сол үшін мен бұл туралы армандамаймын. Бірде бізде күлкілі оқиға болды. Кешкі ас кезінде анам қарда жалаңаяқ жүрудің өте пайдалы екенін айтты. Таңертеңгісін мен әкемнің ертерек тұрып, далада қар үстімен жалаңаяқ жүріп, үйге жүгіріп келгенін көрдім. Ол үйге келді де, өзінің іздеріне қарап тұрды. Сол кезде оның басында: «Мұны шынымен де мен істедім бе?» деген ой болған шығар. Маған менің үлкен ұлым Нұрәліні Марат Сафинға ұқсайды деп жиі айтады. Енді мен Сафинді жақсы көремін. Бір кездері мен әкім болуды армандадым. Облыс әкімі емес, қандай бір дамымай жатқан ауданға әкім болсам дедім. Мен тіпті, шешім қабылдап, Храпуновтан осындай аудан сұрағанмын да… Ол кейбір сұрақтарға байланысты сынды қабылдамайды. «Сен мұны түсіну үшін тым жассың», – дейді. Бұл шығыс азаматына тән жауап. Бірақ ол біреулердің басқа да пікірі болатынымен келіседі (әкесі туралы). Сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін мен парламент мүшесі ретінде жұмыс істеймін, 18:00-ден соң екі-үш сағат опера үйренемін, осыдан соң өз балаларыммен, өкінішке қарай, өте аз уақыт өткіземін. Ислам, демократия және дамудың бір-біріне сай екеніне сенімдімін. Кей кезде алданып қалған оңайырақ. Мен фильмді DVD арқылы үйден қарап шықтым. Ол күлкілі әрі ақымақ фильм. Біреулер фильмнің Қазақстанды мазақ ететінін айтады. Ал енді біреулер бұл жерде сынға ұшырайтын америкалықтар дейді. Мен бұдан біріншісін де, екіншісін де байқамадым. Бұл коммерциялық табыс: кішкентай бюджетпен миллиондаған пайда тапты («Борат» фильмі жайлы). МГУ-де менің бірінші шет тілім итальян тілі болды. Мен диссертациямды Италияның тарихы бойынша қорғадым. Өкінішке қарай, мен жайлап оны ұмытып барамын. Екі жыл бойы мен мұзды сумен жуынып, 42 сағат бойы аш жүретінмін (анама «аш жүру» деген сөз ұнамайтын, бұл оны «шыдамдылық» деп атайтын). Маған раушан гүлі де, түймедақ та ұнайды. Қайта құру кезінде баспасөзде де, телеарналарда да барлығы жағымсыз ақпарат болатын. Ал мен ештеңе түсіне алмай әлекпін. Сонда не жаман? Мен ештеңеге шағым айтатындай жағдайда емес едім. Бір рет қатты тұмауратқаным есімде. Дене қызуым жоғарылап кетті. Екі күн бойы анам маған ешнәрсе ішкізіп-жегізбей, әрбір екі сағат сайын далаға шығарып, мұзды сумен жуындыратын. Сол кезде мен мұны қаталдық деп ойлайтынмын. Кейін бір дәрі ішпей-ақ, мен құлан-таза айығып шықтым. Мен әлі күнге дейін басшылық жасағанда әкемнің кеңестерін тыңдаймын. Көп уақыт бойы сұрақты мен қоямын, бірақ кей кездері бәрі керісінше болатыны бар. Өзімнің жеке салық төлемдеріме үлкен жауапкершілікпен қараймын. Менің жасыратын ештеңем жоқ. Ал декларациялар жарияланбайтын болса, бұл басқа шаруа. Мен бірінші класты ауыл мектебіндегі қазақ сыныбында бітіріп шықтым. Негізі, менің атам мен әжемнен алған мектебім жақсы. Мен бірінші кезекте қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл жерде мен үшін жағдайды бақылаусыз жіберген жауапты тұлғалардың әрекеті түсінікті. Олар аталған аймақтың ерекшеліктерін ескермеген (Жаңаөзендегі желтоқсан оқиғасы туралы). Бәрі де өтеді, тек шындық қалады. Мен кітаптар мен газеттердің жойылып кетпейтініне сенемін. Электронды кітапты ұнатып кете алмадым. Қызықты сәйкестікті қараңыз: елде саяси қайта құрулар пісіп-жетілген кезде, қылмыстық бұзақылықтар басталады. Мен барлық сыныптастарым мен курстастарымды жатқа білемін. Барлығы да есімде. Әкемнің сүйікті қызы – Әлия. Ал мен үнемі төмпештей беретін қызымын. Мен – Золушкамын. Біздегі мәслихаттар тәуелсіз емес, олар әкімдерге бағынышты. Олар бюджетке кез келген өзгерісті енгізе береді. Әрбір елдегі ұлттық арна олардың паспорты секілді. Менің әкем Нұрсұлтан Назарбаев ел президенті. Алайда, елді басқаратын біздің отбасы емес, әкем ғана. Бізді белсенді отбасы деп айтқан дұрысырақ. Әуежайда баламен отырып, ұшақ күтудің не екенін жақсы білемін. Мен Қарағандыдағы жиһаз салонында шеберлігімді шыңдағанмын. Кезінде бізді осыған да үйретті. Эмоция ешқашан да дұрыс шешім қабылдатқан емес. Мені консерванторияның 4 курс студентіне жарап қалады деп айтады. Мен өзінің нанымы туралы көп сөйлейтін адамға сене бермеймін. Мен уақыт өткен сайын балаларды мүгедек балалардың интернатына экскурсияға апарған жөн деп ойлаймын. Олар мұның бәрін көрсін. Иесіз иттерді өлтіруге болмайды. Мен мықты президенттік билік еліміздің тұрақтылығы мен демократиялық дамуы үшін басты кепіл екенін нық сенемін. Иә, 11 қыркүйек күні мен Бүкіләлемдік Сауда Орталығын жарып өткен ұшақты айдап әкеттім. Енді менің атым Усамушка. Мен қарапайым жұмысшылардың отбасында өстім. Менің әкем домна пешінде көрікші болса, атам кедей қойшының отбасынан. Бұл оқиға менің өмірімді өзгертті. Ұтылмаған тек біздің журналистиканың кейбір бөлігі ғана. Кейбір басылымдар осы сенсация арқылы тиражын көбейтіп алды (Рахат Әлиевпен ажырасуы туралы). Біз кездеспейміз. Мен басқа өмірде басқаша өмір сүрер едім. Мен өмірімде анашаның исі қалай болатынын көруге ұмтылған емеспін. Мен бұған қатты шаттанып отырғаным жоқ, білуімше, әкем де бұған масаттанған емес (Қазақстан президентіне қойылған ескерткіш туралы) Мен консерваторияны бітірмегенім үшін және көптеген кітап жазбағаным үшін өкінемін. Егер біз адамдарға президенттің кім екені бәрібір болатын мемлекет құрсақ жақсы болар еді. Өйткені, бұл президенттің тыныштығына кедергі келтірмеуші еді. Мен спорттық қыз емеспін.Дереккөз: NUR.KZ