Білім саласындағы бітпейтін олқылық
2015 ж. 09 қыркүйек
3605
0
Алматы облысына қарасты, Ащыбұлақ ауылындағы №20-шы мектептің мұғалімдері бұрынғы директорларының үстінен шағымданды.
“Қызының жасауын жасатып, тойбастары мен өзіне көйлек тіктірген бұрынғы басшы білім бөлімінен аластатылсын!” – дейді ұстаздар. Өйткені, жемқорлыққа қатысты тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жұмысынан босаған бұрынғы директор қазір Іле аудандық білім бөліміне әдіскер болып жұмысқа орналасқан екен.
№20 мектепте технология пәнінен сабақ берген мұғалімдер, алдымен мектептен тыс жұмыс істеген цехқа жұмысқа тартылған. Айтуларынша, ол жұмысқа директордың мәжбүрлеуімен заңсыз жегілген көрінеді.
Тігін цехында алғашқыда 20 мұғалімге мектеп формасын, кейін 26 оқушы формасын тегін тіккен. Тігіншілерінің шебер қолын көргеннен кейін директор ханым, күллі мектеп ұжымын бірдей киінуге мәжбүрлеп, өзі ашқан цехтан киім сатып алуға үгіттеген көрінеді. Әр форманы 7000 теңгеге бағалап, 100-ге жуық мұғалімдер формасын тіккен мектеп мұғалімдері кейде түнге дейін жұмыс істеуге мәжбүр болдық, дейді.
Үлгермеген кезде сегізден сегізге дейін, немесе тоғызға дейін демалыс күндері де істедік. Көзімнің жанарын сол жерде құрттым. Денсаулығымды құрттым. Бетонда отырдық.Оның үстіне, цех мектепке көшпей тұрған тұста, мұғалімдер едені, суы жоқ, жарығы әлсіз ғимаратта жұмыс істеген. “Сегізден алтыға дейін істедік. Үлгермеген кезде сегізден сегізге дейін, немесе тоғызға дейін демалыс күндері де істедік. Көзімнің жанарын сол жерде құрттым. Денсаулығымды құрттым. Бетонда отырдық. Ешқандай ішінде су да болған жоқ. Суды тасып, шай қайнатып іштік”, – дейді №20 мектептің мұғалімі Ғалия Далибаева. Тапсырыс көбейгеннен кейін цех мектептің ішінен ашылған. Тіпті, оқушы формасын сатылымға шығару үшін, бірінші қабаттан кеңсе тауарларының дүкенін ашып қойды, – деп ашынған ұстаздар, өздерін тігін цехындағы жұмысқа жегу үшін, мектептегі оқушыларға беретін сағаттарымызды қысқартты” – дейді. Кейде бұрынғы директор Гүлсая Байтокованың қызының жасауын әзірлеп, тойбастарын да тіктік, үйіне перде тігіп, сіңлісі екеуіне көйлек те тіккен күндеріміз болған, – дейді. “Қызының той көйлегін де тіктік. Бәрін тіктік. Бірақ та біздің бір түсінбейтініміз – бұл кісі мемлекеттік мекеменің ішіне келіп, өз жұмысын ашқаны үшін, ешқандай органдар бұл кісіге талап қоймай отыр. Сосын бізге сәлемдеме жолдап жатыр екен. Ол қыздарды көрсетемін, сол үшін келіп отырмын деген сәлемдемесін жолдапты”, – дейді №20 мектептің мұғалімі Назым Тұрсынбаева. Яғни, ұстаздар, “осы әрекеттері әшкере болған бұрынғы басшының қайтадан білім бөліміне жұмысқа орналасқандығына қапалы. Қазір аудандық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс істейтін Гүлсая Байтокова болса, мектепте бизнесінің болғанын жоққа шығарып отыр.
“Қызының той көйлегін де тіктік. Бәрін тіктік.“Ешқандай мектепте цех болған жоқ. Болған да емес. Мен ешкімді мәжбүрлеген жоқпын. Мен ешкімге перде тіккізген жоқпын. Ешқандай жұмыс та істеткен жоқпын”, – дейді №20 мектептің экс-директоры, әдіскер Гүлсая Байтокова. Бірақ мұғалімдер бізге мектептегі цехтың суреттерін берген. Және білім ордасының ішінде болған бизнесті ата-аналар да растап отыр. Ал, экс-директорды жемқорлық тәртіптік жауапкершілікке тартқан аудандық прокурорлар болса, қазіргі әдіскердің үш жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға құқы жоғын алға тартады. “Ол кісіні мемлекеттік қызметке қабылдаған жағдайда да, оның “Жемқорлықпен күрес” жөніндегі заңға сүйене отырып, жұмыстан кеткендігі көрсетілген карточкасы алдынан шыға келеді. Ал қазір ол кісі аудандық білім бөлімінде әдіскер ретінде жұмыс істейді. Ол жұмыс – мемлекеттік қызметке жатпайды”, – дейді Іле ауданы прокурорының аға көмекшісі Ерлан Мұстафин. Қадағалаушы орган әдіскердің әрекетінен ешқандай әбестік көріп отырған жоқпыз дейді. Яғни бұрынғы директор қазір мемлекеттік қызметте жұмыс жасамайды деп отыр. Ал талаптарын қадағалаушы орган қанағаттандырмаған ұстаздар болса, енді сот орындарына жүгінбек.
Дереккөз: 31 канал