ЕКІ ҒАНИДЫҢ ОРНЫНА БІР ӘЛИ КЕЛДІ...
2015 ж. 05 қыркүйек
2781
0
“Ауыл” социал-демократиялық партиясы 26 тамызда Астанада кезектен тыс құрылтайын өткізіп, жаңа басшысы Әли Бектаевты сайлаған еді.
Енді бүгін "Ауыл" партиясы мен Патриоттар партиясы бірігіп, жаңа партияның төрағасы болып сенатор Әли Бектаев сайланды.
Жаңа партия "Ауыл"патриоттық-халықтық партиясы деп аталады.
Сөйтіп, бұрын парламентте қазақ тіліне қарсы шыққан Ғани Қалиев басқарған "Ауыл" партиясы мен қазақ тілін мүлде білмейтін Ғани Қасымов басқарған Патриоттар партиясының басын қосып, Әли Бектаев бір өзі басқарады.
Әли Бектаев бұрын ОҚО әкімінің идеологиялық орынбасары, Түркістан қаласының әкімі қызметтерінде істеген. Қазір парламент сенатының депутаты болып табылатын ол кезінде «Ауыл» ҚСДП құрылған кезеңнен бастап, ОҚО-дағы партия филиалын басқарған болатын.
Біз руханиятқа жақын Әли Бектаев мырзаға жаңа жұмыста табыс тілейміз!
Кеше ғана саяси сахнадан тағы бір партия кетіп, алдымен Серікболсын Әбділдин, кейін Ғазиз Алдамжаров басқарған Қазақстанның коммунистер партиясы Алматы қалалық сотының шешімімен жұмысын тоқтатқан еді.
Яғни, парламент сайлауының дүбірі тым жақын естіле бастады деуге болады...
Қ.Сейхұнұлы.
qazaquni.kz