Айдын Айымбетов Қазақ еліне ғарыштан сәлем жолдады
2015 ж. 05 қыркүйек
3889
3
Айдын Айымбетовтың ғарыштағы ғылыми зерттеулері Қазақ ғылымының дамуына үлес қоспақ. Қазақ ғарышкері ғылымның төрт саласы бойынша жұмыс істейтін болады.
Ғарышкер физикалық жерді ғарыштан зерттеу медициналық және биологиялық ғылымдар бойынша тәжірибелер жүргізеді. Бүгін «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі Астана уақытымен сағат 13:39-да Халықаралық ғарыш стансасына жетіп, кеме экипажы осы стансада жұмыс істеп жатқан алты ғарышкермен жүздесті. “Халықаралық ғарыш стансасында тұңғыш рет 9 ғарышкерден жасақталған халықаралық экипаж жұмыс істейтін болады”, – деді баспасөз конференциясында ресейлік ғарышкерлер бағдарламасының жетекшісі Владимир Соловьев. Сондай-ақ ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш стансасына жетуіне екі тәулік уақыттың жұмсалғанына байланысты қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың және даниялық астронавт Андреас Могенсенның ғарыштағы сапары екі тәулікке қысқарып сегіз тәулікті құрамақ. Алайда мұндай қысқарту қазақ ғарышкерінің ғылыми жобасын толық жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін болады. “Физика жағынан эксперименттер бар. Колонский кристал. Одан кейін біздің мониторинг бар жер бетін қарайтын Каспий, Арал жағын қарастырып үлкен жұмыс істелінгелі жатыр сол жағынан. Одан кейін медикобиологический жағынан бар жұмыстарымыз, жаңағы Қазақ тағамдары космоновттарға. Сол бір үлкен жұмыстар болғалы жатыр. Сегіз эксперимент әр күн бойынша, әр эксперимент өткізіле бастайды”, – дейді ғылыми бағдарлама жетекшісі Жұмабек Жантаев. Ғарыштағы сапарын сәтті жалғастырып жатқан Айдын Айымбетов ғарыштан Қазақ халқына және Жер планетасының тұрғындарына сәлем жолдады. “Берілген тапсырманы уақытында орындаймын деп сендіремін. Өзімді жақсы сезінудемін, адаптация жақсы өтті. Жерлестерім мен қазақстандықтарға саламалейкум”, – деді Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов.Дереккөз: 24.kz