Қазақстанда демалыс және мереке күндері үшін еңбекақыны азайту ұсынылды
2015 ж. 04 қыркүйек
2315
0
3 қыркүйекте парламент мәжілісінде жаңа редакцияланған Еңбек кодексі таныстырылды. Онда Қазақстанда демалыс және мереке күндері үшін еңбекақыны азайту ұсынылды.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова атап өткендей, «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстанның заңнамасын Еңбек кодексінің жобасына сәйкестендіру мақсатында әзірленген.
Қазақстанның Еңбек кодексінің жобасы бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадамды, соның ішінде 83-қадам – еңбек қатынастарын ырықтандыруды жүзеге асыру аясында әзірленді.
«Жаңа Еңбек кодексі арқылы еңбек қатынастарына мемлекеттік араласу шегін нақты айқындап алу ұсынылады. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу мәселелерін жұмыс берушінің және қызметкердің өзара және ұжымдық іс-әрекеттері қағидаттарында регламенттеу қарастырылған. Сонымен қатар, қазіргі кодекске сай, жұмыс сағатынан артық жұмыс істеген адамға 1,5 есе көлемінде артық ақша төленеді. Мереке және демалыс күндерінде жұмысқа шыққаны үшін екі есе артық және түнгі бір сағат жұмысына 1,5 есе көлемнен аз емес жалақы төленеді. Ал жаңа кодекс бойынша бұндай жағдайларда 1,25 еседен кем емес көлемде төлем жасау ұсынылған. Жұмыс беруші қызметкерді оның келісімін ала отырып артық жұмысқа тарта алады», – деп түсіндірді Дүйсенова.
Сонымен қатар Жаңа Еңбек кодексi жұмысшыларды қысқартудың 2 жағдайын көздейдi.Жаңа редакцияланған Еңбек кодексi жұмысшыларды қысқартудың екi жағдайын көздейдi. Оның бiрi – кәсiпорын жабылып немесе қайта құрылып, бұрынғы еңбек шарттары өзгерсе, екiншi жағдай – кәсiпорынның өнiмдiлiк көлемi төмендесе.
«Қазiргi заңнама бойынша жұмысшыларды қысқартудың бiр нормасы бар, бiрақ ол норма кәсiпорын қайта құрылса, кәсiпорынның жұмысы құлдыраса немесе керiсiнше жақсарса, қолданылмайтын норма. Сондықтан, бiз жаңа Кодекске сай бiз жұмысшыны қысқартудың екi жағдайын анықтадық», – деп түсiндiрдi Дүйсенова.
Министрдiң айтуынша, жаңа редакцияланған Кодекс нормасына сай, ендi жұмыс берушi өз кәсiпорыны жабылып немесе қайта құрылған жағдайда және кәсiпорнындағы өнiмдiлiк көлемi азайып, экономикалық шығынға ұшыраса жұмысшыларын қысқарта алады. «Егер жұмысшы бiрiншi жағдай аясында қысқаруға ұшыраса жұмыс берушi оны алдын ала ескертiп, 1 айлық жалақы көлемiнде өтемақы төлейдi. Екiншi жағдайда жұмыс берушi 15 күн бұрын қағаз жүзiнде ескерту таратып, оған 2 айлық жалақы мөлшерiнде өтемақы төлеуi керек», – деп түсiндiрдi ол.
Сондай жаңа заң жобасы бойынша, бір айдан артық уақыт жұмысқа себепсiз келмеген азаматты заң бойынша жұмыстан шығарады.Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi Бiржан Нұрымбетов жұмысына салғырт қарайтын азаматтарға қатысты заң нормасын түсiндiрдi.
«Елiмiзде расымен қызметкер жұмысына айлап келмей қоятын жайттар кездескен. Ол адам ауырмай-сырқамай үйiнде жата бередi, тек жұмысына бармайды. Бұрынғы кодекс бойынша жұмыс берушi оны жұмыстан шығара алмайтын, себебi ол адамнан түсiнiктеме алуы керек. Қызметкер түсiнiктеме жазудан бас тартса, оны бас тарту актiсi ретiнде тiркеу керек. Сондықтан, бiз жаңа құжатта ол норманы алып тастадық»,-деп түсiнудiрдi вице-министр.
Ол түсiндiрiп өткендей, жаңа кодекстiң нормаларына сай, егер өндiрiс көлемi азайып, экономикалық шығын туындаса жұмыс берушi жұмысшыларды қысқарта алады.
«Жаңа кодекс бойынша зейнет жасы толған азаматтарды жұмыстан шығарып, қысқартуға болады», – деп атап өттi Нұрымбетов.
Вице-министр атап өткендей, зейнеткер зейнетке шыққаннан кейiн де жұмыс iстейтiн болса, ол жылына бiр рет жұмыс берушiмен еңбек келiсiмшартын жаңартып отыруы керек.