Қазақстан ұлттық валютасы жиі құнсызданатын 10 елдің қатарына енді

Қазақстан – әлем бойынша ұлттық валютасы ең көп құнсызданған он елдің бірі болып тұр.

Тенге

Теңге

Google Finanсe қызметі әлем елдерінің девальвация картасын жасап, оған 2014 жылдан бері қай ел өз валютасының құнын қанша пайызға девальвацияланғанын жариялаған.

Былтырғы ақпан мен биылғы тамыз халыққа оңай тимепті.

Провайдер таратқан мәліметке қарағанда, ақшасы ең көп құнсызданған елдер – шикізатқа тәуелді мемлекеттер. Соған орай, былтырдан бері Украина 170, Ресей 118 пайызға өз валюталарын девальвация жасаған.

Латын Америкасындағы Бразилия, Аргентина, Колумбия елдері де ақшаларын 40-тан 70 пайызға дейін құнсыздандырған.

Африкадағы Гана 80 пайызға, Беларусия 76 пайызға курсын босатса, Қазақстан былтырғы жылдан бері 64 пайызға девальвация жасаған.