Сәрінжіпов білім саласын жеткіліксіз оқулықтармен дамытпақ па?!.
2015 ж. 27 тамыз
2781
2
Елімізде жаңа оқу жылына санаулы күндер қалса да, оқулық төңірегіндегі шу әлі басылмай тұр. Білім министрі Аслан Сәрінжіпов жыры бітпеген оқулыққа қатысты тағы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды КТК арнасы.
“Елімізде жыл сайын төрт сыныпқа ғана жаңа оқулықтар сатып алынады. Яғни биыл жергілікті бюджеттен ақша бөлініп, 4, 5, 6 және 11-сыныптарға толықтай оқулық алынды. Ал алдыңғы жылдары басқа төрт сыныпқа сатып алынған болатын. Бірақ ол кезде қаржы жетіспей кітаптың біразы алынбай қалды. Сондықтан сол сыныптарға оқулық жетпей қалуы мүмкін”, – дейді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Сол кітап жетпей қалған сыныптардың оқушыларына ата-аналары өздері сатып алсын дейді министр мырза. Десе де, еліміздің бас ұстазы жаңа оқу жылы ың-шыңсыз басталуы үшін барын салып жатқанын айтып отыр.
Яғни, 1 қыркүйекке дейін еліміздің мектептеріндегі кітапхана қоры тағы жаңа оқулықтармен толығатынына сенімді. Әрі ата-аналарды мектептен кітапты қазірден барып алып алуға шақырып отыр.
Бұдан бөлек, төменгі сынып оқушылары үшін білім ордасындағы түскі ас туралы да сөз болды. Биылдан бастап тек жағдайы нашар отбасындағы және жарымжан балалар ғана тегін тамақ ішетіні тағы қайталап айтылды.