Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы кедендік шекара ресми түрде ашылды
2015 ж. 12 тамыз
3125
3
Ыстықкөлдің жағасында «Рух-Ордо» мәдени орталығының аумағында Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев кедендік бақылауды алып тастау рәсімі басталғанға дейін екіжақты кездесу өткізді.
Жоғары деңгейдегі кездесу аясында екі елдің инвестициялар, өнеркәсіп, жолдар құрылысы, туризм және трансшекаралық өзендер қорын пайдалану салаларындағы ынтымағы бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Назарбаев Алмазбек Атамбаевты және Қырғыз халқын ЕАЭО ауқымында кеден бақылауының алынып тасталуымен құттықтады.
«Екіжақты ынтымақтастық жоғары деңгейде өтуде. Қазақстан Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне көмектесті. Осыған байланысты Қырғызстанды ЕАЭО-ға кіруімен құттықтаймыз», – деді мемлекет басшысы.
“Соңғы жылдарда Қазақстан Қырғызстанға 1,5 миллиард доллар инвестициялар салды, 50 бірлескен кәсіпорын құрылды”, – деп атап өтті Назарбаев.
Бүгін Қазақстан Республикасының «Қордай» және Қырғыз Республикасының «Ақ-жол» кедендік бекеттерінде қазақ-қырғыз шекарасында тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды доғаруға байланысты ресми салтанатты рәсім өтті.
Іс-шара Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып қабылдануына орайластырылып отыр.
Шекарада кедендік бақылауды доғару әкімшілік кедергілерді жоюға, соның нәтижесінде өзара тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері жаңа жағдайда жұмыс жасауға толықтай дайын.
Шекарада кедендік бақылауды доғару рәсімінің өзіне Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Қырғыз Республикасының п-министрі Темір Сариев қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қосылуы туралы шарт күшіне енді.
Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар Одақтың бесінші толыққанды мүшесі болды. ЕАЭО-ға мүше барлық елдер республиканың одаққа қосылуы туралы шартты ратификациялады.
Дереккөз: ИА "Казинформ"