Алматы қаласының әкімі болып, Бауыржан Байбек тағайындалды
2015 ж. 09 тамыз
6584
4
9 тамыз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті Алматы қаласының әкімі ретінде таныстырды. Бұл туралы Ақорданың Тwitter-дегі ресми парақшасы мәлім етті.
Бауыржан Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. “Болашақ” бағдарламасының түлегі. Үш жоғары білім бар: педагогикалық, сыртқы экономикалық және музыкалық. Қазақ, орыс тілдерінен бөлек ағылшын, неміс тілдерін меңгерген. Ол 1999 жылдан – Майндағы Франкфурт қаласы Қазақстанның Бас консулдығының референті , атташесі – Германиядағы Қазақстан елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан – президент Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан – президент Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан – бас инспекторы, 2006 жылдан – Хаттама жетекшісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың тамыз айында – президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. Ал 2013 жылдан осы күнге дейін “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар президенттің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі. «Құрмет», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, президенттің алғыс грамоталарымен марапатталған.Дереккөз: Nur.kz