Талғат Ермегияевтің үйқамақтағы мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды
2015 ж. 06 тамыз
2405
10
“Астана ЭКСПО-2017″ компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің үй қамауындағы мерзімі 12 қыркүйекке дейін ұзартылды.
Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова хабарлады.
“Астанадағы Алматы аудандық №2 соты Қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-бөлігінің “б” тармағы бойынша күдікті Талғат Ермегияевқа қатысты үй қамауына алу мерзімін үш айға дейін ұзарту жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Яғни, осы жылдың 12 қыркүйегіне дейін ол үй қамақта отырады”, — деді Баянова.
16 шілдеде Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Айгүл Шайымова “Астана ЭКСПО-2017″ компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегиявқа қатысты іс туралы жаңа мағлұматтарды жария етті. Ол кезде Ермегияевтің пара ретінде қолма-қол 4 миллиард 200 миллион теңге алғаны анықталды.
Еске сала кетейік, 12 маусымда “Астана ЭКСПО-2017″ Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамауына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты берген.
Мұндай бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура ұсынды. Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.
Дереккөз: ИА "Новости-Казахстан"