Қостанайда қала әкімінің тағы бір орынбасары ұсталды
2015 ж. 04 тамыз
1640
1
Қостанайда тағы бір шенеунік парамен ұсталды. Қала әкімінің орынбасары Фрунзик Аракелян жемқорлыққа жол бергені үшін өз кабинетінде ұсталған.
Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Шенеунік жұмыс күні аяқталар тұста ұсталған. Мәліметтер бойынша, Аракелянның кабинеті тексеріліп, құжаттар тәркіленді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Фрунзик Аракелян жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталуда.
Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев 13 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған болатын.
Бұдан бұрын Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко да қызметінен қуылған болатын.
Дереккөз: Nur.kz