Интерпол Михаил Саакашвилиге іздеу жариялаудан бас тартты
2015 ж. 03 тамыз
1829
0
Халықаралық қылмыстық полиция (Интерпол) Грузияның сұрауы бойынша сол елдің бұрынғы президенті, ал қазір Украинаның Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвилиге халықаралық іздеу жариялаудан бас тартқан деп хабарлайды ВВС.
Грузия бас прокуратурасы Интерполға әлгіндей сұрауды тағы салмақ ниетте екені туралы мәлімдемесінде айтқан деп хабарлады Грузия Online сайты.
Биыл мамырдың соңында Украина президенті Петр Порошенко өз жарлығымен Михаил Саакашвилиді Одесса облысы губернаторы етіп тағайындаған. Содан бір күн бұрын ол Украина азаматтығын қабылдаған.
Саакашвилиді экстрадициялауды сұраған Грузияның өтінішін Укрина үкіметі қанағаттандырудан бас тартқан.
Михаил Саакашвили 2004 жылғы қаңтардан 2013 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта Грузия президенті болып екі мәрте сайланған. Президенттік өкілеті аяқталған соң және өзі басқаратын оппозициялық партия 2012 жылы Грузия парламенттік сайлауында жеңіліп қалғаннан кейін Саакашвили елден кетіп қалған. Көп ұзамай Грузия бас прокуратурасы оның үстінен төрт қылмыстық іс қозғап, Саакашвилиге «қызмет өкілетін асырған» және «мемлекет қаржысын талан-таражға салған» деген айыптар таққан.
Михаил Саакашвили өзіне тағылған айыптарды «саяси астары бар қудалау» деп санайды.
Дереккөз: Азаттық