2022 жылғы Ақ олимпиада АЛМАТЫДА емес... БЕЙЖІҢДЕ ӨТЕТІН БОЛДЫ!
2015 ж. 31 шілде
2857
10
2022 жылғы Ақ олимпиада АЛМАТЫДА емес... БЕЙЖІҢДЕ ӨТЕТІН БОЛДЫ!
Сөйтіп, 2022 жылы Ақ олимпиаданы өткізу мәртебесі үшін ақтық сайыс Қазақстанның Алматы қаласы мен Қытайдың астанасы Бейжің қалаларының арасында өтті. Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Халықаралық Олимпиада комитетінің 128-ші сессиясы барысында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қала анықталды. Қорытындысында миллиардтар елі басым түсті... Сонымен, Бейжің қаласы Жазғы олимпиаданы да, Қысқы олимпиаданы да өткізген тұңғыш ел болмақ.
Алла қаласа, Қазақ елінің жағдайы жақсарған кезде, Ақ олимпиада да, Жазғы олимпиада да өткізетін боламыз ! Әзірге, Ассамблеяның 20 жылдығының тасасында қалып бара жатқан ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 жылдығын "МӘҢГІЛІЕ ЕЛ" атына лайықты деңгейде өткізіп алайық! Одан кейін басталмай жатып... қаржысы миллиардтап тоналып жатқан ЭКСПО -2017 шарасын ұятқа қалмай өткізу мұң болып тұр...
qazaquni.kz