ҰКП басшысы мемқұрылымдардағы жалақы мөлшерін жария етті
2015 ж. 29 шілде
1491
0
«Атамекен» ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов журналистермен өткізген кездесу барысында мемқұрылымдардағы жалақы мөлшерін жария етті.
«Жемқорлықтан бөлек, біз қоғам назарын мемқаражатты тиімді жұмсау мәселесіне аударатын боламыз. Бұған дейін біз ешқандай артық шығын жоқ екені айтылған ақпаратты («Атамекен» ҰКП-ға — ред.) жариялаған едік. Мен Вера Кобалияның («Астана ЭКСПО-2017″ басқарма төрағасының экс-орынбасары) ЭКСПО-дағы жұмысы үшін 1 млн 200 мың теңге алып отырғанын білгенімде, арым тазарып қалғандай болды. Біздікілер (орталық аппарат менеджменті – ред.) істеген жұмысына сай 750 мың алады. Ал менің әріптесім Рахметов мырза («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасының мүшесі – ред.) 1 млн 800 мың алып отырады. Ол тым көп жұмыс істеймін деп санайды», — дейді Абылай Мырзахметов.
ҰКП жалақы мөлшерін атқарған жұмысының тиімділігіне қарай тағайындап отырады.
«Қызметкерлерімізді тиімді нәтиже көрсетуге ынталандыру үшін біз олардың жалақысын қысқартудың орнына, 60-70% жалақысын тұрақты етіп, қалған 40%-ын KPI-ға байланыстырып, көрсеткен нәтижелері үшін бонус ретінде беруді ұсынамыз. Бірақ біздің жұмыста KPI-ды белгілеу оңай емес. Кей ұйымдарда тиімділікті сатылым мөлшерімен, өндіріс мөлшерімен анықтау мүмкіндігі бар. Ал ҰКП-дағы жұмысты бағалау қиын», — дейді Абылай Мырзахметов.
Ол қазіргі уақытта ҰКП-да 272-ге жуық адам қызмет ететініне назар аудартты.
«Біз штатты шамамен 100 адамға оңтайландыруды жоспарлап отырмыз», — дейді Кәсіпкерлер палатасында.
Источник: Nur.kz