Сапарбаевтың қатаң ескертуін Лакшми Миттал неге орындамайды?!
2015 ж. 29 шілде
3414
11
Теміртауда АМТ бас директоры Виджай Махадеванның компания қызметкерлерінің жалақысын 25% пайызға қысқарту мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Белгілі болғандай, компания жалақыны сонша мөлшерге қысқартудың орнына 10 мың жұмысшыны босата алады екен.
Компания басшысының айтуынша, компания кіріс көрмейінше жалақы қысқартыла бермек.
«АрселорМиттал Теміртаудың» менеджерлерінің болжамынша жақын келешекте кіріс көрінбейді де.
Бұрын хабарланғандай, «АрселорМиттал Теміртау» барлық жұмысшыларының жалақыларын 2015 жылғы 1 тамыздан бастап 25%-ға қысқартпақшы.
Бұған дейін, премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев аталмыш мекемеде жұмысшылардың жалақысы қысқартылмауы керек деп қатаң ескерткен болатын. Лакшми Митталдің командасы Сапарбаевтың ескертпесін неге орындамайды?
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ArcelorMittal трансұлттық компаниясының құрамына кіреді және Қазақстандағы тау-кен металлургиялық секторының ірі кәсіпорны болып табылады, жалпақ және сортталған болат өндіреді, сондай-ақ агломерат, темір кеніштік және көмір концентратын, кокс, шойын, болат өндіреді.
Оның құрамына Теміртаудағы металлургиялық комбинат, Қарағандыдағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір кенін өндіру бойынша 4 кен орны кіреді.
Источник: КазТАГ