Серік Ахметов мемлекетке келтірілген шығын көлемін 1 миллиард теңгеге азайтуды өтінді
2015 ж. 29 шілде
2225
0
Экс-премьер мемлекетке келтірілген шығын көлемін 1 миллиард теңгеге азайтуды өтінді, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Серік Ахметов өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі мүлдем тоқтатуды сұрап отыр. Өйткені, тағылған айыптарда қылмыс құрамы жоқ деп есептейді екен өзі. Сонымен қатар, экс-премьер мемлекетке келтірілген шығын көлемін 1 миллиард теңгеге азайтуды өтінді.
Осы қыруар қаржының тең жартысын, яғни 430 миллион теңгені экс-премьердің ағасы — «Сталь-Цинк» компаниясының басшысы Берік Ахметов бюджетке қайтарып берген болатын. Сондықтан адвокаттар осы жеке мекемеге қатысты эпизодты доғаруды талап етті.
Судья Исламхан Есенбаевты атышулы іс бойынша өтіп жатқан 21 күдіктінің 50 адвокаты өтінішпен үйіп тастады.
Күдіктілердің бірсыпырасы айыпты алып тастауды, ал Қарағандының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев изолятордан тағы үйқамаққа ауыстыруды сұраған. Бірақ судья мұның бірде бірін қанағаттандырған жоқ. Экс-премьердің өзі кешегідей емес, бүгінгі мәлімдемесіне қатысты жақ ашпады.
Источник: КТК арнасы