Тасмағамбетов «Батыр арулар» жеңімпаздарын марапаттады (фото)
2015 ж. 24 шілде
2421
0
«Батыр арулар» байқауы Отан алдындағы қызметінде өздерінің ер-азаматтармен тең дәрежеде иық тіресіп келе жатқан әскери қызметші қыз-келіншектерді табуға және олардың қызметі туралы білуге мүмкіндік берді – бұл өнеге алудың тамаша үлгісі, жұмыс күндерінің әскери қызметпен үздіксіз байланысы. Бертіндегіәлемдік тарихта «жауынгер қыз» деген түсінік айрықша болып саналатын. Алайда, ХХІ ғасырда осындай әскери қызметші қыз-келіншек немесе сарбаз қыз деген кәсіптің болуы ешкімді таң қалдырмайтыны анық. Бұның бір жарқын көрінісі ретінде «Батыр арулар» байқауын айтуға болады», - деді ол.
Қатысуға өтініш берген сәттен бастап салтанатты рәсімге дейін көптеген нәзік жанды аруларға ауыр саналатын сынақтардан қыз-келіншектер мүдірмей өтті. Олар атты, гранаталар лақтырды, барлық кедергілерді еңсерді, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды жүргізді.
«Бір кезде өз өмірін армиямен байланыстырған нәзік жанды арулар үшін бұл жұмыс қана емес, өмір сүру тәсілі және үлгісі. Бұл байқау кәсіпке деген өз қабілетіміз бен сүйіспеншілігімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Сіздің қолыңыздан марапат алу – біз үшін үлкен құрмет және жауапкершілік», - деп байқау жеңімпаздарының бірі аға лейтенант Әлия Хайруллина атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, «Батыр арулар» ҚР ҚК әскери қызметші қыз-келіншектері арасындағы бірінші республикалық байқау. Аталған сайысқа қазақстандық армияның барлық өкілдері қатысуға мүмкіндікалды. Еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш берген 123 қатысушының суреттері мен жеке сауалнамалары ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына орналастырылған болатын және бір ай бойы интернет пайдаланушыларының дауысын жинады.
Қырық күндік онлайн-дауыс беру нәтижесіндеқатысушыларға өте көп 255 725 дауыс берілді.
Байқау қазақстандықтардың ғана емес, басқа да елдердің тұрғындарының қызығушылығын туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістан елдерінің интернет пайдаланушылары белсене қатысты.
Нәтижесінде бірнеше сынақтардан мүдірмей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірлігін, шыдамдылығы мен мықтылығын дәлелдеген Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері болып саналатын 12 жеңімпаз анықталды. Байқау соңында аруларды кәсіби стилистердің қолынан әрлендіру және «Батыр арулар» байқауының әрбір жеңімпазы әр парақты көркейте түсетін мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессиядан өтетін болады.
Baq.kz