Қызылорда халқы «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесінің қонақтарын «Қорқыт музыкасы және ғарыш айлағы» атты арнайы әзірленген туристік бағдар бойынша саяхатқа шақырады, - деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«ЭКСПО-2017» қонақтары үшін «Қорқыт музыкасы және ғарыш айлағы» туристік бағдары әзірленді
2015 ж. 24 шілде
2172
9
«Көрмеге келге қонақтар Қармақшы ауданындағы барша түркі жұртына танымал Қорқыт ата кешенін аралап, «Байқоңыр» ғарыш айлағына саяхат жасай алады. Роскосмоспен бірлесіп кешенде туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар «Космодром» музейін кеңейту жоспарда бар», - деп мәлім етті облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының м.а. Құрманкүл Датқабекова.