«ТАСМАҢДАЙ» ТАСБАЙ тағы да қазаққа қарсы шықты!

d182d0b0d181d0b1d0b0d0b9-d181d0b8d0bcd0b0d0bcd0b1d0b0d0b5d0b2-1

Қызылжар атауы қып-қызыл дауға айналатын түрі бар

Симамбаев мырза Жарасбай Сүлейменов бастаған 30 шақты Мәжліс депутатының Петропавл атауын Қызылжарға ауыстыру қадамын «популистік» деп атады. Атап қана қоймай ел президентінің «жаппай қайта атаудан аулақ болу керек» деген сөзін алға тартты. Ойпырмай, осындай тасмаңдайлардың мемлекет басшысыңың артына тығылуға ұста келетіні-ай! Ол кісінің абыройына нұқсан келетіні тасбайларды мүлдем ойландырмасе керек...

Депутат мырза «қала атын өзгертсек болды елдің (кімді меңзеп тұрғаны айтпаса да түсінікті ғой) көшуі басталады, ал бұл өте қауіпті» деп қорқытады көпшілікті. Бз оған жауап ретінде Отанын сүйген азамат өз еліндегі елдімекеннің тарихи атауын да сүйеді, ал сүймейтіндердің неғүрлым ертерек арамыздан көшіп кеткені соұрлым өздеріне де, бізге де жақсы дегіміз келеді.

Тарихқа жүгінетін болсақ, христиан дініндегі Петр мен Павел әулие атындағы қамал орыстілді басылымдар жазатындай «как одного из объектов линии обороны по защите казахского населения на случай джунгарской агрессии» үшін емес, қазақ елін отарлау үшін, сол мақсатты іске асыру жолында оның жеріне бірте-бірте мысықтабандап ене беру үшін салыған қамал болатын. Оның «қамал» деген атының өзі-ақ айтып тұрған жоқ па отаршылдардың ісінің адал емесін?! Адал жұрт кімнен, не үшін қорғанады, не үшін қамал салады? Жоңғар мен қазақтың жүз жылдық соғысында патша үкіметі тек қана жоңғар жағында болғаны, олардың әскерін мылтықпен, әсіресе зеңбірекпен молынан қаруландырып тұрғаны, қазақ жерін жоңғардан қорғау үшін орыс әскері тұяғының ұшын қимылдатпағаны әділ, адал тарихшының бәріне аян.

«Бұл бетімізбен кете берсек, ертең Оралды, Өскеменді, Павлодарды және басқа да елдімекендрдіі атын ауыстыруға мәжбүр боламыз» деген Тасбайдың жүрегі әзір-қ тас төбесіне шыққан түрі бар.

Қорқынышыңыз өте орынды, сенатор мырза! Оралдың, сондай-ақ қазақтардың Пгачев көтерілісіне қатысқаны үшін хаза ретінде 2-Екатерина патшайым өзгерткен Орал өзенінің де байырғы әсем Ақжайық атауымен, Павлодар Кереку немесе Тұзқала( қаланың Керекуге дейінгі көне аты), Өскеменнің Өралтай аталатын күн алыс емес! Қызылжар 1925 жлы өз атын қайтып алған да болатын, бірақ Мәскеудегі ВЦИК(Вссоюзный центральный исполнительный комитет) оны бекітпей тастаған еді...»таң атпайын десе де күн қойймайды», Тасбайлар қанша жерден тас маңдайын ұрғанмен тарихи үрдіске бөгет бола алмайды!

Өмірзақ АҚЖІГІТ