Үкіметті интернетпен басқарар күн алыс емес

d0bcd0b0d181d0b8d0bcd0bed0b2-612d0b0d181d0bad0b0d180

Қазақстан Үкіметі өзінің отырыстарына жаңалық енгізіп, кезекті мәжілісін Байланыс және ақпарат министрлігінде өткізді. Бірақ, басты жаңалық бұл да болмады.

Әріптестерінің өзімен кездесуге келген кезінде де интернет арқылы үкіметіне басшылық жасауды жалғастыра беретіні қызықтырған премьер-министр К.Мәсімов қатарының алдына шыққысы келсе керек, ТМД бойынша алғашқы болып үкімет ісін бақылауды қалың елдің бақылауына беру керек идеясымен бөлісті. Бұл істің, барлық саланы «электрондық Үкіметтің» аясына біріктірудің саяси басшылығына Қаржы министрлігі жауапты болып тағайындалса, Байланыс және ақпарат министрлігінің мойнына идеяның техникалық-технологиялық жағын қамтамасыз ету жүктелді. Оның жетекшісі Асқар Жұмағалиев бір апта ішінде өздерінің ұсыныстарын беретінін мәлімдеді. Бұл жоба бойынша бизнес-үдерістерді үйлестіру Экономикалық даму және сауда, ал бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақыны электронды бейнеге ауыстыру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырылды. Жалпы, халыққа керегі - соңғы бес жылдың көлемінде 44 миллиард теңге жұмсалған «электронды Үкімет» жобасының тезірек іске асқаны болса керек.