Б. Ертаев: Ауыл әкіміне құқық беру керек!
2015 ж. 29 маусым
2317
0
Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев жергілікті әкімдерге өз ауылдарының қаржылық істерін басқару құқығын беру керек деген ұсыныс жасады.
Бұл туралы депутат жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін талқылауға алған саясат кеңесі мен мәслихат мәжілісінде мәлімдеді деп жазды ҚазТАГ.
“Ауыл әкіміне құқық беру керек. Оны әр прокурор мен соттың алдында жүгіріп жүруден қорғау керек… Сол себепті оған өз ауылының қаржылық мәселелерін өзі басқаратындай құқық беруіміз керек”, – деп ұсыныс жасады Ертаев.
“Бәріміз де ауылдан шықтық. Егер ауыл дами түссе, мемлекетіміз де гүлдене түседі. Құқық жоқ, ал талаптар бастан асады. Бұрындары ұжымшар төрағасында “УАЗ” көлігі болатын. Ал ауылдың бейшара әкімінде тіпті бұл да жоқ. Оның жалғыз күші – түгі жоқ байғұс учаскелік полицей”, – деп депутаттың сөздерін жариялады Tengrinews.kz.
Ертаев ауыл әкімдері облыс әкімдерінің қойған талаптарын кей кездері орындауға шамалары жетпей жататынын алға тартты.
“Аудан әкімі келіп, талаптар қояды, кетіп қалады. Оларды орындамай көр. Не себепті екенін мен білемін. Кезінде Ертай ауылында мешіт салған болатынмын. Ол жерде ауыл кеңесі әкімді өздері таңдады. Ақшаны облыс пен аудан бөлетін кезде әкім орнынан түсіп қалмауын ойлап, үнсіз отырады”, – деп сөзін түйіндеді депутат.
Дереккөз: Nur.kz