Бостон соты Царнаевты ресми түрде өлім жазасына кесті

Джохар Царнаев Бостондағы сотта терактіден жапа шеккендерден кешірім сұрады. Ол ресми түрде өлім жазасына кесілді. Бұл туралы РИА «Новостиге» сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

1064984317 (1)

«Мен теракт құрбандарынан және одан аман қалғандардан кешірім сұрағым келеді. Мен жарылысты ұйымдастырғаным үшін кінәлімін, оған еш күмән жоқ», — дегенін CBS каналының корреспонденті сот залынан хабарлайды.

Царнаев бүкіл сот үдерісі барысында алғаш рет сотта сөз сөйлеу құқығын пайдаланды.

15 мамырда алқа соты оны айыпты деп танып, өлім жазасына кескен деп жазды Азаттық.

Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерлан Царнаевтың 2013 жылдың 15 сәуірі күні марафон мәреге жетіп қалған тұста жасаған екі жарылысынан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған.

Тамерлан Царнаев оқиғадан бірнеше күннен соң полициямен атыста оққа ұшқан.

Источник: Nur.kz