Елімізде салынатын МАГАТЭ-нің уран банкі қауіпсіз болады дегенге сенесіз бе?!.
2015 ж. 19 маусым
2478
4
МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі барынша қауіпсіз болады. Бұл туралы бүгін МАГАТЭ өкілі, Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру жобасының жетекшісі Терри Вуд мәлім етті.
«Біз Қазақстандағы әріптестерімізбен бірлесіп, аталған мекеме жұмыс істеуі үшін қажетті шараларды айқындау бағытындағы шараларды атқарудамыз. Яғни, барлық процедуралар МАГАТЭ-нің қауіпсіздік стандарттарына сай болуы тиіс. Біздің болжамымызша, барлық қажетті шараларды жүзеге асыруға, банкті дайындауға шамамен 2 жыл уақыт кетеді. Меніңше, келісімге қол қойылған сәттен бастап, шамамен 2 жыл қажет», — деді Вуд БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, аталған келісім қазіргі уақытта бекітілген. «Біз құжатқа таяу аралықта қол қойылады деп күтіп отырмыз. Дегенмен, нақты датасына қатысты сауал Қазақстандығы әріптестерімізге қойылуы керек», — деді ол.
Терри Вудтың атап өтуінше, төмен байытылған уран банкі барынша қауіпсіз болады.
«МАГАТЭ неліктен Қазақстанды таңдады деген сауалға келер болсақ, ең біріншіден, Қазақстан өз аумағында МАГАТЭ-ның төмен байытылған уран банкін орналастыру туралы ұсыныс жасады. Екіншіден, сіздердің елдеріңізде ядролық қалдықтарды қауіпсіз сақтауда тәжірибе бар. Үлбі метталургиялық зауыты 60 жылдық тәжірибеге ие. Бұған қоса, сіздерде МАГАТЭ банкін орналастыруға қажетті барлық инфрақұрылым бар. Қазақстан төмен байытылған уранды сақтауға қажетті барлық қажетті жағдайға ие», — деді Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру жобасының жетекшісі.
Источник: ИА "Казинформ"