Ұлттың денсаулығы қиындап жатқанда, ұлдың денсаулығы Мырзекеңді неге мазалады екен?
2009 ж. 15 желтоқсан
1162
0
Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры Қамқорлығы кеңесінің отырысында белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков Мұхтар Шаханов інісінің денсаулығы «қатты толғандырғанын» мәлімдеді:
- «Қазақ қандай мәселе болса да ешуақытта аштық жариялауға бармаған. Мұхтар Шаханов – халықтың ұлы, ол өз денсаулығын құртпасын, ауызбіршілікке келейік. Нұрлан, сен ініме айтып бар осыны», деп Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасынан дұғай сәлем жолдады.
Ұлт пен құрып бара жатқан тілдің денсаулығын айтудың орнына, ақсақалды ұлдың денсаулығы мазалай қалғанына таң қаласың...
Қазақ неге аштық жариялауға бармаған, Мырзеке?
Есіңізден шығып кетсе айтайын, 90 жылдардың басында ескі алаңның басында «Азат» қозғалысы белсенділері (бүгінгі «Азат» партиясы емес) «тәуелсіздік жариялау керек» деп киіз үй тігіп жатқанын неге ұмытып қаласыз? Соның арқасында бүкіл ТМД елдері ішінде ең соңынан Тәуелсіздігімізді жариялаған жоқпыз ба? Ол кезде КСРО құлап, Ресейдің өзі тәуелсіздігін жариялап қойған. Сонда кімнен тәуелсіздік алғанымызды кім түсіндіріп берер екен?
№48-49