«Астана ЭКСПО — 2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы тұтқындалды
2015 ж. 13 маусым
2218
1
Астананың №2-ші Алматы аудандық соты «Астана ЭКСПО — 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының экс-төрағасы Талғат Ермегияевты үйқамағына алау туралы үкім шығарды.
«Қылмыстық кодекстің 176 бабы 4 бөлімінің «б» бөлімі бойынша (Ірі көлемде өзгенің меншігін пайдалану) күдікті деп танылған Ермегияев Талғат Амангелдіұлына 2 айға «Үй қамағына алу» жазасын тағайындалынсын»,- делінген сот шешімінде деп xабарлайды ҚазТАГ.
Біз осыған дейін Астанада «Астана Экспо-2017″ құрылысы департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов қамауға алынғанын, ал Қазақстан президентінің бұйрығымен Талғат Ермегияев ұлттық компания басқармасының төрағасы қызметінен босатылғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, «Астана Экспо-2017″ ұлттық компаниясында жемқорлыққа қарсы заңнама аясында жаппай тексеріс басталғанын жария етілді.
Белгілі болғандай тексерістен бәрі өтеді: тендерлерді ұйымдастыру кезінде тәртіпті сақтау, қандай да бір жұмыстарды жүргізу кезінде лицензияның болуы, техникалық тұрғыдан сәйкес келу, білікті мамандардың болуы, қолданылатын материалдардың құны мен қызметті төлеу. Басты назар қаражатты қолма-қол қылу және ұйымдар мен кәсіпорындардың тұлғаларға үлестес болуын тексеруге аударылмақ.
Источник: Nur.kz