«Доктринаны жазғандар елдің бірлігі туралы бірнәрсе біле ме екен?»
2009 ж. 15 желтоқсан
1167
0
Асылы ОСМАН:
Қазақ тіліне қашанда қамқорлық танытып жүретін «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы Асылы Осман «доктринаны оқығанда жағамды ұстадым», - дейді.
- Оны жазған Ералы Тоғжанов елдің бірлігі туралы бірнәрсе біле ме екен? Жобаны дайындау кезінде неге Айталы, Смағұл сияқты жазушылар кіріспеген. Оның аудармасында қателіктер бар, жағдайдың ушыққанының бір себебі сол.
Асылы дұрыс айтады. Таяуда бір жиында ұлт жанашыры, лауазымы жоғары қайраткер тұлға айтқандай: «Ел бірлігінің» артында ел бірлігін ойламайтындар тұр. Ол жерде отырғандарды жалпы идеологияға жақындатуға болмайды. Американдық ұлт дегендер біздің жағдайымызға сәйкес келмейді. Қазақстандық ұлт үшін, «Ел бірлігі» үшін, қазақ неге ұлтынан, тілінен айрылуы тиіс?!».
Иә, өте өткір әрі тауып айтылған сөзге біздің алып, қосарымыз жоқ.
№48-49