Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты танымал кәсіпкер Қайрат Жамалиевті екі айға түрмеге жабу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы
Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап
NUR.KZ хабарлайды.
Қайрат Жамалиев 21 сәуір күні Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловты азаптап, ұрған. Зардап шегушінің әкесі Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, сол күні түнде ұлы Әліби Жұмағұлов шаруаларымен үйден шығып кеткен. Кейін оның досы Әлібидің ауыр халде ауруханаға түскенін жеткізген.
Бүгінде аталған оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, Әлібиді кәсіпкер Жамалиев қыз үшін ұрған болуы мүмкін. Жас жігітті азаптағаны соншалық, оның құлағын да кесіп алғаны туралы айтылуда.
Қайрат Жамалиев “Jelsomino” бутигінің, “Артист” караоке-барының және Habibi, Молоко мейрамханаларының иесі. Сонымен қатар, “ПАРИТЕТ 2003″ ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры.
45 жастағы Жамалиевпен бірге оның жүргізушісі де ұсталды.
www.nur.kz