«Негізі, Әкежан МАҒЖАНұлының өз отанына қайтатын уақыты болды. Әрине, бұл мәселеде бірқатар заңдық кедергілер бар, ол кедергілер әлбетте, кезінде Рахат ӘЛИЕВтің «әжептәуір әрекеттенгенінің» арқасында Қажыгелдиннің сырттай сотты болуына байланысты. Ал қазір жағдай өзгерді, сондықтан да, менің ойымша, кезінде шет ел асып кеткен, бірақ әлі де болса өз еліне ойдағыдай қызмет атқара алатын азаматтарымызды елімізге қайтаратын уақыт келген сияқты» деді «Нұр Отандағы» ақпарат көзі аталмыш агенттік тілшісімен болған әңгімесінде.Ал, енді Қажыгелдиннің жеке өзіне келетін болсақ, ол кісі ел билігімен өзара диалогке дайын көрінеді. Сөйтсе де ол өзіне тағылған айыптардың толықтай алынып тасталуы ел аумағында жеке бас қауіпсіздігіне кепіл бола алмайтынын да жоққа шығармайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ол бірқатар халықаралық ұйымдардың қолдауына да арқа сүйеуі әбден мүмкін. Мұны мәселенің бір жағы десек, екінші жағы – Қажыгелдинді де түсінуге болады: ол туған елінен жырақта жүріп әкесінен айырылды. Әкесімен қоштасып, қабіріне топырақ сала алмады. Бұдан басқа, өзегіндегі өкініштерінің тағы бірі — көптеген достары мен қызметтестерін де жоғалтты. Еліміздің қазіргі билігінде де, сонымен бірге қарапайым көпшілік арасында да әлі күнге дейін Қажыгелдин көзқарасын қолдайтындар аз емес. Негізі, оның елге қайтуына рұқсат берілу мәселесінде осындай да осындай жағдаяттар таза адами тұрғыдан да түсіністік туғызады. Мұны осы мәселеде соңғы шешім қабылдайтындар да түсінетін тәрізді. Марат МАДАЛИМОВ ult.kz
ҚАЖЫГЕЛДИН КЕЛЕ ЖАТЫР...
2015 ж. 22 сәуір
2686
6
Қазақ елінің қазіргі билігі тоқсаныншы жылдардың ортасында егемен еліміздің екінші премьер-министрі қызметін атқарған Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИНді елге қайтару мәселесін ойластыра бастағанға ұқсайды. Бұл туралы бүгін түс ауа «Нұр Отан» партиясындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап, ҚазТАГ хабарлады.