ҚР-ның Жоғарғы сот төрағасы С.Әлімбековтің назарына!
Соңғы кездерде соттардың жұмысы, шығарған бір жақтама шешімдері жайлы сыни мақалалар республикалық баспасөз беттерінде жиі жазылып жүргені белгілі. Елбасының сенімімен тағайындалса да өз мүддесін ойлап қара басының қамы үшін заңды кез келген тарапқа бұра алатын бүгінгі қазыларымыздың іс-әрекетіне халықтың наразылығы күн сайын күшейіп келеді. «Тура биде туған жоқ» дейтін бұрынғы төл тарихымыздан келе жетқан аталы сөзіміз бір шетте қалып қойған сияқты. Оныңы орнына керісінше, қолынан келгенде қонышынан басатын азаматтардың заманы келгендей.
Газетіміздің өткен сандарында да жан-жақты зерттеліп жазылып жүрген Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық соты тағы да келіп түскен арызға байланысты мақаламыздың негізгі арқауы болып отыр. Сауаттылығы бірінен-бірі қалыспайтын бұл аудандық соттың судьялары өздері берген анттарын ұмытқандай күйде. ОҚО сотының төрағасы А.Ж . Рахметуллин мырзаның назарына да бірнеше рет жазылып жатқанымен айтылған сөз ауызда, шығарылған негізсіз шешім күшінде қалуда.Ондағы судьялардың әрекеті тура футболдағы сатылған судьялардың кейпіне ұқсас келетін сияқты. Осы айтылған жәйттің бір айғағы ретінде аталмыш аудандық соттың судьясы Т. Оңғарбаевтың 16 қараша 2009 жылдағы Іс № 2- 1788/09 бойынша шығарған ШЕШІМІ жайлы сөз болмақ .
ОҚО Сайрам аудандық сотының судьясы Т .Оңғарбаев , хатшылықта Ж.. Сарыбасованың отыруында және Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі Т. Медеубековтің, талапкер Әмет Әліұлының сенім хаты берілген талапкер өкілі М. Жұмакеевтің және талапкердің адвокаттары Г. Алтыбай мен М. Байсалбаеваның, жауапкерлер: Сайрам ауданы әкімінің сенім хаты арқылы өкілі С.У.Розакуловтың, Сайрам аудандық әділет басқармасы¬ның өкілі Н.Оразханның, «Нұр-Батырхан» ЖШС-нен Айтжан Одаманов, А. Батырхан және оның сенім хаты арқылы қатысатын өкілі С.Батырхановтың қатысуларымен ашық сот отырысы өтеді.
Аталмыш сот отырысында талапкер Әмет Әліұлының Сайрам ауданы әкімі Мұхит Әлінің 14.03.2008ж № 193 санды қаулысын жарамсыз деп тану, «Нұр-Батырхан» ЖШС-нің 04.01.2008 жылғы хаттамасын жарамсыз деп тану, ОҚО Әділет департаментінде «Нұр – Батырхан» ЖШС-нің тіркеуін жарамсыз деп тану және Қайнарбұлақ ауыл округі аумағында орналасқан 149,0 га , оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін 125,0 га суарылмайтын жерден 100,0 га, жайылымдықтан 25,0 га жерді « Нұр-Батырхан» ЖШС-нен қайтару туралы азаматтық ісі қаралады.
Осы сот отырысына төрағалық еткен судья Т.Оңғарбаев 2009 жылдың 16 қарашасында істі қарап шығып, жоғарыда айтылған Әмет Әліұлының берген талап-арызын қанағаттандырусыз қалдыруға шешім шығарады. Редакциямызға осы шығарылған шешіммен келіспейтіні туралы жазылған арызымен қоса судья Т. Оңғарбаевтың сот отырысында саналы түрде талқылаудан тыс қалдырған аса маңызды құжаттардың түпнұсқаларын алып келіп, баспасөз арқылы әділ шешім шығаруға Әмет қарияның өзі келіп көмек қолын сұранған болатын.
« Сот отырысты біржақты жүргізіп, тек жауапкер «Нұр-Батырхан» ЖШС-нің басшысы А.Батырханның жаубын негізге алып шешім шығарды. Ал, менің тікелей берген жауаптарыма, уәждеріме келтірген айғақтарыма заң тұрғыдан обьективті баға берместен, сот процессінде бұрмалаушылық танытты»- деп жазыпты арызында Әмет ақсақал. Ендеше осы айтылған жәйттерге тоқталып өтсек:
Сот отырысында Әмет Әліұлының «Көмеш – Балық 1 Мейірхан» ЖШС-нің директоры А.Батырханның атына 21.11.2006 жылы ешқандай арыз немесе өтініш жазған емеспін, мен өзіме тиесілі 50 пайыз үлесімнен өздігімнен бастартқан да емеспін- деген уәжіне судья Т.Оңғарбаев мырза назар аудармаған және жан-жақты зерттемеген. Сондай- ақ , басқа да үлкен маңызға ие құжаттарды атап айтқанда:
1. 22.05.2008 жылғы «Көмеш-Балық 1 Мейірхан ЖШС- нің бұрынғы құрылтайшысы С. Батырхановтың Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық прокурорына жазған арызын (нұсқасы бар)
2. 05.07.2006 ж « Көмеш-Балық 1 Мейірхан» ЖШС-нің құрылтайшысы Сауырхан Батырхановтың орындаушы органға жазған арызын (нотариалды түрде куәландырылзған)
3. 10.11.2006 ж «Көмеш-Балық1 Мейірхан» ЖШС-нің Әмет Әлиевке « 50 пайыз үлесіңіз бар»... деп келе маған «50 пайыз үлесіңізден бас тартуыңызды сұранамын», - деген ескерту хатын.
4. «Көмеш-Балық1 Мейірхан ЖШС-нің 11.07.2006 жылғы жалпы жиналыстың хаттамасын
5. 27.07.2006ж «Көмеш-Ба¬лық1 Мейірхан ЖШС-нің құрыл¬тай¬шылары А.Батырхан мен Әмет Әлиев болып Әділет Департаментінен тіркеуден өткен құжаттарын Т.Оңғарбаев заңды түрде толық зерттемей және сот-экспертизалық сараптама жүргізбей саналы түрде назардан тыс қалдырған.
24.01.2003 жылы аталмыш ЖШС-і құрылып оның құрылтайшысы С.Батырханов болған. 27.07.2006 жылы бұл серіктестік құрылтайшылары болып екі жақты келісіммен Әмет Әлиев пен А.Батырхан болып қайта мемлекеттік тіркеуден өткізілген. Бұдан бұрын 19.07.2006 жылы құрылтайшылардың жалпы жиналысымен бекітілген «Көмеш-Балық1 Мейірхан» ЖШС-нің тіркеуден өткен жарғысына да қарамай, шешімге мұның қажеті жоқ деп санаған судья Оңғарбаевтің тірлігі шынында да түсініксіз.
Сот тағы да Әмет Әліұлының келісімінсіз, қатысуынсыз өткізу-қабылдау актісімен 2007 жылы серіктестіктің атын өзгертіп «Нұр-Батырхан» ЖШС-і деп қайта мемлекеттік тіркеуден өткізген құжатын 04.01.2008ж, «Нұр-Батырхан» ЖШС-і жалған хаттама жасап Сайрам ауданы әкімінің 14.03.2008 жылғы №193 санды қаулысын жіті тексермеген. Бұл жерде әңгіме соттың ҚР-ның «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 31 бабымен аудан әкімін де жауапкершілікке тартуға және «Көмеш-Балық1 Мейірхан»ЖШС-нің бар мүлкін «Нұр-Батырхан»ЖШС-нің құрыл¬тай¬шысы А.Батырхан 100 пайыз өзіне заңсыз иеленіп алғандығына көз жұма қарағандығында болып тұр. Мұнымен қоса судья Оңғарбаев Қазақстан Республикасының 1998 жыл 22 сәуірдегі №220 «Жауап¬кершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңның 38 және 55 бабтарын қарап шықпай немесе біле тұра қажетсінбей қарағаны оның «жауапкершіліксіз» екенін танытпай ма?! Сөздің түйінін айтқанда асығыс шығарылған бұл шешімді Жоғарғы сот төрағасы С. Әлімбековтің назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Жоғарыдан арнайы тексеру жүргізілсе мұндағы келеңсіз және түсініксіз мәселелер өз шешімін табатыны күмәнсіз.
Адам құқықы тапталмауы ата заңымызда айқын көрсетілгендігінен болар, жанайқай мен ащы шындық иілсе де сынбайтыны ақиқат.Га¬зетіміздің өткен сандарында да Сайрам аудандық сотының судьялары жайлы бірнеше маетриалдар жариялаған болатынбыз. Өкінішке орай көш әлі де түзелмей келеді. Біз бұл мәселеге алдағы уақытта да қайта оралатын боламыз.
Қуанышбек БОТАБЕКОВ
Оңтүстік Қазақстан облысы
№46-47 04.12-11.12.2009 ж.