«СЪЕЗД ХАТШЫЛЫҒЫ МЕН СЪЕЗДІҢ АРАСЫНДА АЙЫРМА БОЛУЫ ТИІС»

Жақында Елордамыз Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының IX отырысы өтті. Осы жиында сөз алған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің хатшылығын «Съезд баламасына» айналдырмау үшін оның құрамын шектеу қажеттігін баса айтты. Қ.Тоқаев өз сөзінде Хатшылықтың бірінші Съезд барысында қорытынды құжаттардың жобалары мен жоғары деңгейдегі кездесулердің күн тәртібін әзірлеумен айналысатын жұмыс органы ретінде қалыптасқанын айта келіп, оның құрамына Съезге қатысушы діни бірлестіктердің әрқайсысынан бір-бір өкілден кіретіндігін жеткізді. «Осы тұста Хатшылық осы уақытқа дейін өзіне жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде, абыроймен орындап келе жатқандығын айта кеткен жөн. Жыл сайын форумға қатысушылар құрамы ұлғайып, хатшылық мүшелерінің саны арта түсті. Ендігі жерде мұның өзі жедел шешімдер қабылдау мен құжаттардың жобасын пысықтау үрдісіне де өз әсерін тигізе бастады. Осыған орай 2007 жылы өткен хатшылықтың алтыншы отырысында үшінші Съездің қорытынды құжатын дайындаумен айналысатын арнайы Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен қатар осы отырыста, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын жасауды да ұсынды. Алдағы уақытта хатшылықты «Съезд баламасына» айналдырмас үшін оның құрамына шектеу қойған жөн деп санаймын», - дейді Қ. Тоқаев. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар ауқымды шаралардың күн тәртібін әзірлеу мен қорытынды құжаттардың жобаларын дайындаумен айналысатын Жұмыс тобын құру мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Қ.Тоқаев өз сөзінде Хатшылықтың бірінші Съезд барысында қорытынды құжаттардың жобалары мен жоғары деңгейдегі кездесулердің күн тәртібін әзірлеумен айналысатын жұмыс органы ретінде қалыптасқанын айта келіп, оның құрамына Съезге қатысушы діни бірлестіктердің әрқайсысынан бір-бір өкілден кіретіндігін жеткізді. «Осы тұста Хатшылық осы уақытқа дейін өзіне жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде, абыроймен орындап келе жатқандығын айта кеткен жөн. Жыл сайын форумға қатысушылар құрамы ұлғайып, хатшылық мүшелерінің саны арта түсті. Ендігі жерде мұның өзі жедел шешімдер қабылдау мен құжаттардың жобасын пысықтау үрдісіне де өз әсерін тигізе бастады. Осыған орай 2007 жылы өткен хатшылықтың алтыншы отырысында үшінші Съездің қорытынды құжатын дайындаумен айналысатын арнайы Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен қатар осы отырыста, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын жасауды да ұсынды. Алдағы уақытта хатшылықты «Съезд баламасына» айналдырмас үшін оның құрамына шектеу қойған жөн деп санаймын», - дейді Қ. Тоқаев. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар ауқымды шаралардың күн тәртібін әзірлеу мен қорытынды құжаттардың жобаларын дайындаумен айналысатын Жұмыс тобын құру мәселесін де назардан тыс қалдырмады. №46-47  04.12-11.12.2009 ж.