Әнші Роза Әлқожа бесінші перзентін дүниеге әкелді
2015 ж. 24 ақпан
4996
2
Бейбарыс, Жанарыс, Еларыс атты үш арыс пен Ақбота сынды арудың анасы, қазақтың әнші қызы Роза Әлқожа дүниеге бесінші сәбиін алып келді деп хабарлайды baistars.kz.
Жұбайы Айдын Қаба екеуі де "Ақботамызға сіңілі керек" деп ниеттеніп жүрген еді. Жаратушы сол тілекті қабыл етсе керек. Жаңадан дүние есігін ашқан күл шашардың салмағы — 3 кг 850 грамм, бойы — 53 см.
Аналық қуанышымен алаштың аяулы қызы өзінің Фэйсбуктегі жеке парақшасында былай бөлісті: "Аллаға мың мадақ!!! Таңғы сағат 8-де менің гүлім жарық сәулені көрді. Елдің бата-тілегі деп білемін! Ниеттес жандардың баршасына Алла пана болсын!", - деді ол.
Қуаныш иелері шақалаққа әзірге қандай есім қоятындарын таңдау үстінде. Сіңлісіне ат қою мәртебесі әпкесі Ақботаға берілуі де ғажап емес. Нәрестенің бауы берік болсын!