Түркия әскері Сирияның Эшме аймағын басып алды

02

 Түркия Республикасы қарулы күштері Сириядағы "Шах Ефрат" операциясын аяқтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы. Сирияның бірнеше аудандарын қоршауға алған түрік әскерлері бүгін Халеп қаласына басып кірген.

01

Ердоған әскерлері басып алған Каракозак ауылында орналасқан Сүлейман Шах кесенесінің маңында Түркия туы тігілген.

«Президент Тайып Ердоған үкімет пен түрік қарулы күштерін Сириядағы сәтті  өткен әскери операциямен үкімет мүшелерін құттықтады»деп жазады "TRT Avaz" арнасы.

"Түрік миллеті үшін өте табысты өткен әскери операцияны жүзеге асырған үкімет пен қарулы күштерді өзімнің және бүкіл Түркия атынан құттықтаймын",-деді Режеп Тайып Ердоған.

Сондай-ақ, "біздің бұл операцияны өткізудегі мақсатымыз - Сұлейман Шах кесенесі аймағындағы ішкі-соғыс тудырушыларды ығыстырып, эвакуациялау болатын.  "Шах Ефрат" операциясы арқылы Сүлейман Шах кесенесі мен сол аймақтағы біздің әскерилерді аман-есен Түркияға әкелу еді. Біздің қарулы күштер ол мүддеден толықтай шықты",-деді президент Ердоған.

 Қазіргі таңда  Сүлейман Шахтың мәйіті түрік әскерлері тарапынан бақылауға алынып, сол аймаққа Түрік байрағын тіккен. Алдағы уақытта Түркия Сирияның Эшме аймағына Сүлейман Шахтың мазарын қайта орнататындарын мәлімдеді.

"Осы жолғы "Шах Ефрат" операциясы барысында қаза тапқан әскерилердің отбасы мен туған-туысқандарына көңіл айтамын",-деді Ердоған.

 "Қамшы" сілтейді