Есімов: "Көкжайлауға" қарсы кампания шетелден басқарылады
2015 ж. 20 ақпан
1492
0
Алматы әкімі Ахметжан Есімов Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы шипажайын салуға қарсы кампания "шетелден қаржыландырылады" деп санайтынын мәлімдеді қала тұрғындарына есеп беру жиынында.
Жиында залдан қойылған тау шаңғысы шипажайын салу идеясына қарсылық бары жайлы сұраққа жауап берген Есімов шипажай құрылысына қарсы кампания "қолдан жасалып отырғанын" және оған "биліктің дәлелдері жеткілікті екенін" айтты.
Бірақ әкім нақты қандай дәлелдер барын айтпады. Есімовтің сөзінше, тау шаңғысы шипажайы жобасын Қазақстан президенті қолдап, оның құрылысына жоғары деңгейдегі мамандар тартылған.
Іле Алатауының қорықты аймағында "Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайын салу жобасына қарсы дау бұдан бірнеше жыл бұрын туындаған. Әлеуметтік желілерде тіпті "Көкжайлауды қорғаймыз" деп аталатын топ құрылған.
Жоба бойынша шипажайда 2,7 гектар аумаққа альпі ағаштары бар қонақүйлер, мейрамханалар салу, 185 гектар аумаққа 63 километрді құрайтын тау шаңғысы трассасын, 16 аспалы жол тарту жоспарланған. Болжам бойынша, шипажай бір күнде 1020 шаңғышыны қабылдайды.
2014 жылдың басында Назарбаев қолдаған жобаға бюджеттен 455 миллион АҚШ доллары, жекелеген инвесторлардан шамамен 900 миллион АҚШ доллары жұмсалмақ.