Бұл туралы Мой город порталы хабарлайды.
Әкімнің халықпен кездесуіне келушілер көп болғанымен, олардың барлығы бірдей залға жіберілмеген. Жергілікті тұрғын тек үшінші мүмкіндігінде ғана микрофонға жақындап, әкімге сұрақ қойғанын айтқан.
"Кездесуге не себепті тек мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктер шақыртылған? Қарапайым халық жоқ қой мұнда! Оларды залға жібермей қойған немесе кездесуге шақырмаған", - деген болатын қала тұрғыны.
Мұны әкім залда орын жетпей қалуымен түсіндірді.
"Залда орын жетпей қалған шығар. Әйтпесе, мұнда қаладағы белсенді халық пен соғыс арлагерлері отыр. Ендеше, былай істелік. Келесі жолы кездесуді стадионда өткізейік. Ол жақта білуімше 3 мың адамға орын жетеді", - деді әкім Нұрлан Ноғаев.