Қазақстанда биыл кәсіпкерлерге кепілсіз шағын несие беретін қор ашылады

Қазақстанда биыл кәсіпкерлерге кепілсіз шағын несие беретін қор ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Өткен жылы түрік тәжірибесі бойынша кәсіпкерлер үшін шағын несие қорын ашу жоспарланып отырғанын айтқан болатынбыз. Яғни, отандық өндірушілерге кепілсіз көмек көрсетіледі. Биылғы жылы, мүмкін алдағы айда бұл қорды ашуды көздеп отырмыз. «Бәйтерекпен» келісім жасадық, мұндай қорды «Дамумен» бірге ашпақ ойдамыз», - деді А.Мырзахметов. «Биылғы жылға осындай мақсат қойып отырмыз. Мүмкін 5 млн немесе 10 млн болар, бұл «Даму» қорының қолдауына байланысты. Шағын несие қорын пилоттық тәртіпте ашып, оның тиімділігін көрсетпекшіміз. Бұл қор кредиттер бойынша 90 пайыз қайтарымды қамтамасыз етеді», - деп нақтылады басқарма төрағасы.

Айымгүл ӘБІЛЕВА
BNews.kz