фото uralskweek.kz
Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында «Табиғат» қозғалысының жетекшісі, екі мәрте президенттікке үміткер Мэлс Елеусізов алдағы болатын президент сайлауына үшінші рет қатысатыны туралы мәлім етті.
«Мен алдағы сайлауға тағы да қатысамын. Екі рет қатыстым, үшінші рет неге қатыспасқа? Кім маған қой дей алады? Бұл менің конституциялық құқым. Денсаулығым жетеді», – деп мәлімдеді Мэлс мырза.
«Сайлауға неге, не үшін қатысасыз?» деген сұраққа Мэлс мырза: «Сайлау науқаны кезінде кайф болып жүремін. Аузыма келгенді айта аламын. Науқан кезінде мені ешкім тұтқындай алмайды, отырғызбайды. Мен толықтай қорғалғанмын», – деп ағынан жарылды.
Осыған дейін М.Елеусізов мырза екі рет президент сайлауына қатысқан болатын. 2005 жылы бұл кісі сайлаушылардың 0,38 пайызының дауысына ие болсы, 2011 жылғы сайлауда 1,15 пайыз дауыс жинады.
Не дейік? Денсаулық берсін, М.Елеусізовке. Әрбір науқанда бір пайыздан дауыс жинай берсе, шамамен 250 жылдан кейін президент болуына толық мүмкіндік бар…
Abai kz
«САЙЛАУ НАУҚАНЫ КЕЗІНДЕ КАЙФ БОЛЫП ЖҮРЕМІН»
2015 ж. 16 ақпан
1982
0