Facebook аккаунтты мұрагерлікке беруге мүмкіндік жасады
2015 ж. 13 ақпан
1624
0
Facebook әлеуеттік желісінің қайтыс болған пайдаланушысының мұрагерлері аккаунтты жүргізу құқығына ие болады, делінген әлеуметтік желінің ресми хабарламасында, деп хабарлады Би-би-си.
Facebook басшылығы бейсенбі күні жаңа қызметтерін ұсынатынын жариялады. Желіні бабына келтіру көмегімен аккаунтты басқаратын адамды алдын ала таңдауға болады.
Марқұм болған адамның достары мен отбасы мүшелері оның парақшасына жақын адамы туралы естелікті орналастыруына, мысалға қайғылы рәсімдер туралы хабарлауға, достарын қосу туралы сауалдарға жауап беруге, фотосуреттерін жаңартуына болады.
Дегенмен мұрагерлер марқұм болған адамның атынан жүктеме жасауға және оның атынан хабарлар жариялауға, сондай-ақ оған жіберілген хабарламаларды қарай алмайды.