Қазақстанда терроризммен қалай күреспек?
2015 ж. 10 ақпан
1209
0
Нұрсұлтан Назарбаев әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы Жарлық Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін қолданысқа енгізілетін континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдануға қатысты нормаларды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.